Астана әуежайының қызметінде монополияға қарсы заңнама бұзылған

© Photo : Ирина ЛучинкинаАстана әуежайы
Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2026
Жазылу
Тергеп-тексеру қорытындыларын бірінші сатыдағы сот заңды деп таныды
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісін анықталды, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
"Әуежайдың авиациялық отын жеткізушілерден реттелмеген алым өндіргені және оның мөлшерін бір тонна үшін 16 240 теңгеден 77 852 теңгеге дейін, кейіннен 60 137 теңгеге дейін өзгерткені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл нарық қатысушыларының шығындарын арттырып, авиациялық отын бағасының өсу тәуекелдерін туындатқан, дейді агенттікте.
Аталған әрекеттер монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды.
Тергеп-тексеру қорытындыларын бірінші сатыдағы сот заңды деп таныды.
Марихуана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Алматы әуежайында шетелдік 21 келі марихуананы алып өтпек болған
Жаңалықтар
0