https://sputnik.kz/20260729/aqtobede-agenttik-menedzheri-alayaqtardyn-aylasyn-ashkereledi-65286730.html
Ақтөбеде агенттік менеджері алаяқтардың айласын әшкереледі
Ақтөбеде агенттік менеджері алаяқтардың айласын әшкереледі
Sputnik Қазақстан
Жылжымайтын мүлік агенттігінің менеджері мәміледен күмәнді белгілерді байқап, дереу полицияға хабар берген 29.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-29T14:25+0500
2026-07-29T14:25+0500
2026-07-29T14:25+0500
ақтөбе
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0f/55637333_0:106:1200:781_1920x0_80_0_0_1ee6beed7870a71fabacdfb444ca5dd5.jpg
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны алаяқтардың кесірінен баспанасынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.21 шілдеде Ақтөбе қаласының 56 жастағы тұрғынына белгісіз адамдар қоңырау шалған. Олар алдымен өздерін жеткізу қызметінің өкілі, кейін банк қызметкері ретінде таныстырған.Алаяқтар әйелге оның атына кредит рәсімделіп жатқанын айтып, ешкімге бұл туралы хабарламауды және өз нұсқауларын орындауды талап еткен. Кейін оның екі бөлмелі пәтері бар екенін біліп, "мүлкіңізді сақтап қаласыз" деген сылтаумен баспанасын нарық бағасынан төмен бағаға сатуға көндірген.Жәбірленуші жылжымайтын мүлік агенттігіне жүгініп, пәтерін сатуға әрекет жасаған. Баспана 8 млн теңгеге бағаланған. Алайда агенттік менеджері мәміледен күмәнді белгілерді байқап, дереу полицияға хабар берген.Оқиға орнына келген полицейлер әйелге алаяқтардың арбауына түскенін түсіндіріп, пәтерін сатуға жол бермеді.
https://sputnik.kz/20260524/qaragandyda-alayaq-bir-birine-zhaqyn-turatyn-zeynetkerlerdi-aldap-ketken-63671905.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0f/55637333_0:0:1041:781_1920x0_80_0_0_7c51f042181ec807f9d779f9774cb935.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, алаяқ, алаяқтық
Ақтөбеде агенттік менеджері алаяқтардың айласын әшкереледі
Жылжымайтын мүлік агенттігінің менеджері мәміледен күмәнді белгілерді байқап, дереу полицияға хабар берген
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны алаяқтардың кесірінен баспанасынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
21 шілдеде Ақтөбе қаласының 56 жастағы тұрғынына белгісіз адамдар қоңырау шалған. Олар алдымен өздерін жеткізу қызметінің өкілі, кейін банк қызметкері ретінде таныстырған.
Алаяқтар әйелге оның атына кредит рәсімделіп жатқанын айтып, ешкімге бұл туралы хабарламауды және өз нұсқауларын орындауды талап еткен. Кейін оның екі бөлмелі пәтері бар екенін біліп, "мүлкіңізді сақтап қаласыз" деген сылтаумен баспанасын нарық бағасынан төмен бағаға сатуға көндірген.
Жәбірленуші жылжымайтын мүлік агенттігіне жүгініп, пәтерін сатуға әрекет жасаған. Баспана 8 млн теңгеге бағаланған. Алайда агенттік менеджері мәміледен күмәнді белгілерді байқап, дереу полицияға хабар берген.
Оқиға орнына келген полицейлер әйелге алаяқтардың арбауына түскенін түсіндіріп, пәтерін сатуға жол бермеді.