"Өзен арнасы өзгертілген": Шығыс Қазақстанда алтынды заңсыз өндірген топ ұсталды

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуГранулированное золото высшей пробы
Гранулированное золото высшей пробы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Заңсыз қызметке 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай азаматтары тартылған
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында алтынды заңсыз өндірген атоп ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Олар Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында тиісті рұқсат құжаттарынсыз құрамында алтыны бар кенді өндірген.
"Құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіріп, қоршаған ортаға елеулі залал келтірген. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедерінің табиғи құрылымы бұзылған, сондай-ақ өзен арнасы өзгертілген. Заңсыз жұмыстар жалпы аумағы 30 гектар жер телімінде ауыр арнайы техника мен өндірістік кешендерді пайдалану арқылы жүргізілген", – делінген агенттік хабарламасында.
Заңсыз қызметке 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының азаматтары тартылған.
Тінту барысында алты 40 тонналық жүк көлігі, төрт шынжыр табанды экскаватор, бір тиегіш, сондай-ақ құрамында алтыны бар кенді өндіруге және жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Қарағанды облысында алтын өндіретін кен орындарының бірінде жұмысшы қаза тапты
Жаңалықтар
0