Өзбекстан президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев прибыл с рабочим визитом в Узбекистан
Касым-Жомарт Токаев прибыл с рабочим визитом в Узбекистан
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Шавкат Мирзиёев Астанада "Болашақ ойындарының" ашылу салтанатына қатысады
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
Өзбекстан Республикасының президенті 29 шілдеде Астанада өтетін үшінші халықаралық жарыс - "Болашақ ойындарының" ашылу салтанатына қатысады.
Жарыс 29 шілдеден 9 тамызға дейін өтеді. Оған 50-ден астам елдің спортшылары, соның ішінде Өзбекстан спортшылары қатысады.
"Болашақ ойындары – 2026" Астананың төрт заманауи спорт нысанында өтеді:
Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені;
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы;
Beeline Arena Ұлттық теннис орталығы;
"Барыс Арена" мұз сарайы.
Жарыс бағдарламасына цифрлық және физикалық кезеңдерді біріктіретін сегіз дисциплина енгізілген.
Болашақ ойындары – 2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
"Болашақ ойындары – 2026": Астана полициясы күшейтілген режимге ауыстырылады
Жаңалықтар
0