Екібастұз тыңайтқышы алғаш рет Ұлыбританияға экспортталады

Жүк тасымалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Мультимодальды тасымалдауды Қазақстан темір жолы жүзеге асырады
АСТАНА, 28 шілде - Sputnik. Қазақстандық тыңайтқыштарды Ұлыбританияға экспорттау үшін жаңа бағыт ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Қазақстандық тыңайтқыштар алғаш рет Екібастұздан Ұлыбританияға Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жөнелтілді. Мультимодальды тасымалдауды Қазақстан темір жолы жүзеге асырады.
"Бағыт Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан және Грузия арқылы өтеді. Әрі қарай Поти мен Батуми порттары арқылы жүк теңіз арқылы Британдық Феликстоу портына жеткізіледі", - дейді темір жол компаниясында.
Бұл жаңа бағыт қазақстандық өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін арттырады.
Бұған дейін компания "Екібастұз - Майами" бағыты бойынша қазақстандық өнімді экспорттық тасымалдауды ұйымдастырған болатын. Бүгінде Қазақстан темір жол жүктерді АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Польша, Чехия және басқа елдерге жеткізеді.
Транспортировка нефти на Каспии - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Каспийдің түбімен "жасыл" энергия тасымалданады – сенат заңды мақұлдады
Жаңалықтар
0