https://sputnik.kz/20260728/eki-oblystagy-24-myn-shaqyrymnan-astam-avtozholga-tekseru-zhurgiziledi-65274469.html
Екі облыстағы 2,4 мың шақырымнан астам автожолға тексеру жүргізіледі
Екі облыстағы 2,4 мың шақырымнан астам автожолға тексеру жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. 2,4 мың шақырымнан астам автомобиль жолы халықаралық қауіпсіздік стандарттары бойынша тексеріледі, деп хабарлады Көлік министрлігі. 28.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-28T19:36+0500
2026-07-28T19:36+0500
2026-07-28T19:37+0500
министрлік
жол
тексеріс
https://sputnik.kz/img/194/33/1943331_0:160:3076:1890_1920x0_80_0_0_2b7a6a481d0fbf161c5c4ba8c9c344fe.jpg
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. 2,4 мың шақырымнан астам автомобиль жолы халықаралық қауіпсіздік стандарттары бойынша тексеріледі, деп хабарлады Көлік министрлігі.Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жол инфрақұрылымын бағалаудың заманауи халықаралық тәсілдерін қолдана отырып, автомобиль жолдарының қауіпсіздігіне аудит пен инспекция жүргізу жөніндегі ауқымды жоба басталды.Жобаның негізгі мақсаты – инженерлік ерекшеліктеріне байланысты жолқозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша қосымша шараларды қажет етуі мүмкін жол учаскелерін анықтау.Дәстүрлі тексерулерден айырмашылығы, жол қауіпсіздігі аудиті жол инфрақұрылымын жан-жақты бағалауды көздейді. Жұмыстарды жүргізу барысында ҚазжолҒЗИ жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін басқару саласындағы халықаралық тәжірибені қолданады.Тексеру қорытындысы бойынша қосымша шараларды қажет ететін әрбір жол учаскесі үшінжол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инженерлік ұсынымдар әзірленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/194/33/1943331_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_4e6109f93b21d5b711555172f613c411.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, жол, тексеріс
министрлік, жол, тексеріс
Екі облыстағы 2,4 мың шақырымнан астам автожолға тексеру жүргізіледі
19:36 28.07.2026 (жаңартылды: 19:37 28.07.2026) АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. 2,4 мың шақырымнан астам автомобиль жолы халықаралық қауіпсіздік стандарттары бойынша тексеріледі, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жол инфрақұрылымын бағалаудың заманауи халықаралық тәсілдерін қолдана отырып, автомобиль жолдарының қауіпсіздігіне аудит пен инспекция жүргізу жөніндегі ауқымды жоба басталды.
"Жоба аясында жалпы ұзындығы 2 414 шақырым автомобиль жолы қамтылады. Оның ішінде 1 384 шақырымы Батыс Қазақстан облысында, ал 1 030 шақырымы Маңғыстау облысында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Жобаның негізгі мақсаты – инженерлік ерекшеліктеріне байланысты жолқозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша қосымша шараларды қажет етуі мүмкін жол учаскелерін анықтау.
Дәстүрлі тексерулерден айырмашылығы, жол қауіпсіздігі аудиті жол инфрақұрылымын жан-жақты бағалауды көздейді. Жұмыстарды жүргізу барысында ҚазжолҒЗИ жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін басқару саласындағы халықаралық тәжірибені қолданады.
Тексеру қорытындысы бойынша қосымша шараларды қажет ететін әрбір жол учаскесі үшінжол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инженерлік ұсынымдар әзірленеді.