Азия Олимпиада кеңесінің делегациясы Алматының қысқы Азиадаға дайындығымен танысты

© Акимат АлматыАзия Олимпиада кеңесінің делегациясы Алматының қысқы Азиадаға дайындығымен танысты
Азия Олимпиада кеңесінің делегациясы Алматының қысқы Азиадаға дайындығымен танысты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Делегаттар спорт нысандары мен инфрақұрылымды тексерді
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. 2029 жылы өтетін X қысқы Азия ойындарына дайындық барысын тексеру мақсатында Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) делегациясы Алматыға инспекциялық сапармен келді, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Делегация құрамына Азия Олимпиада кеңесінің спорт, медиа, ақпараттық технология және даму бағдарламалары бағыттарына жауапты басшылары мен мамандары кірді.
"Сапар аясында Алматының Азия ойындарына дайындық барысына арналған жұмыс кездесуі өтіп, одан кейін делегация қаланың негізгі спорт нысандары мен қонақ үй инфрақұрылымымен танысты", - деп жазылған хабарламада.
Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Halyk Arena, Almaty Arena, "Медеу" биік таулы спорт кешенін, "Шымбұлақ" тау курортын, "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенін, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайын, сондай-ақ жарысқа қатысушылар мен ресми тұлғаларды орналастыру жоспарланған бірқатар қонақ үйді аралап көрді.
Инспекциялық сапар Алматының 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындық жұмыстарының кезекті кезеңі болды.
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2026
Сегіз қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті
Жаңалықтар
0