"Ақшаны шығару мүмкін болмай қалады": алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуБиткоиндар
Биткоиндар - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2026
Жазылу
Бас кезінде алаяқтар адамның сеніміне кіру үшін "пайданың" азғантай сомасын шығарып беруге мүмкіндік береді
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстан ұлттық банкі жаңа инвестициялық алаяқтық схемалары туралы ескертеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде "токенделген алтынға", "жасанды интеллект әзірлемелеріне" және "нейрожелі негізіндегі трейдер-роботқа" салынған қаражаттан кепілді табыс табуға болатыны туралы хабарламалар таралып жатыр. Ал алаяқтар өздерін қаржылық кеңесші ретінде таныстырып, "инвестициялық платформаның" немесе "криптовалюта сервисіндегі" жоғары табыстың жалған статистикасын көрсетеді.
Одан кейін брокерлік немесе криптовалюта платформасының жасанды веб-сайтына тіркелуге көмектеседі. Ондай сайттарда графиктер, жасалған мәмілелер тарихы, жеке кабинет және қолдау чаты сияқты нақты инвестициялық қызметтің жалған көрінісі жасалады.
"Бас кезінде алаяқтар адамның сеніміне кіру үшін "пайданың" азғантай сомасын шығарып беруге мүмкіндік береді. Осыдан кейін олар "бірегей ұсыныс", "табыстылықтың өсуі" немесе "ерекше тиімді мәміле" деген сылтаумен ірі соманы салуға көндіреді. Пайдаланушының шотындағы қаражат көлемі айтарлықтай ұлғайған кезде ақшаны шығару мүмкін болмай қалады. Осы тұста алаяқтар салықтарды, комиссияларды немесе сақтандыруды төлеуді талап етеді", - дейді банк мамандары.
Алаяқтар мөр, сериялық нөмірлер және басқа да деректері бар жалған хаттар мен құжаттарды да жіберіп отырады. Ал "қосымша салықтар мен комиссиялар" түріндегі төлемдерді алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды. Алданған адам платформаға да кіре алмай қалады.
Касым-Жомарт Токаев посетил новую столичную поликлинику - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2026
Дәрігер қабылдауына жазылу: полиция алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертеді
Жаңалықтар
0