https://sputnik.kz/20260728/2029-zhylga-qaray-kommunaldyq-zhelilerdin-tozu-dengeyi-40-ga-deyin-tomendeydi-65258739.html
2029 жылға қарай коммуналдық желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендейді
2029 жылға қарай коммуналдық желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендейді
Sputnik Қазақстан
2025-2029 жылдары салаға 13 трлн теңге инвестиция тартылады 28.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-28T10:30+0500
2026-07-28T10:30+0500
2026-07-28T11:02+0500
коммуналдық қызмет
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1c/65259207_0:83:1280:803_1920x0_80_0_0_9c3c31a977d3edecf98bd90398354655.jpg
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. 2029 жылға қарай Қазақстан бойынша желілік инфрақұрылымның тозу деңгейін орта есеппен 40%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлімдеді.Оның айтуынша 2025-2029 жылдары 13 трлн теңге инвестиция тартылады, оның ішінде коммуналдық секторға 6,8 трлн теңге және энергетика секторына 6,2 трлн теңге бағытталады.Айта кетері, 2024 жылы "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы қабылданды. Бағдарлама жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы табиғи монополиялардың 247 субъектісін қамтиды. 2029 жылға қарай 70 коммуналдық кәсіпорынды тәуекелі жоғары дағдарыстық аймақтан шығару жоспарланған.
https://sputnik.kz/20260616/biyl-kommunaldyq-zhelilerdi-zhanartuga-11-trln-tengeden-astam-qarzhy-bolinedi-64168804.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1c/65259207_50:0:1230:885_1920x0_80_0_0_c7cdb9392e42f472e7148f2be38d40fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коммуналдық қызмет, инвестиция
коммуналдық қызмет, инвестиция
2029 жылға қарай коммуналдық желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендейді
10:30 28.07.2026 (жаңартылды: 11:02 28.07.2026) 2025-2029 жылдары салаға 13 трлн теңге инвестиция тартылады
АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. 2029 жылға қарай Қазақстан бойынша желілік инфрақұрылымның тозу деңгейін орта есеппен 40%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша 2025-2029 жылдары 13 трлн теңге инвестиция тартылады, оның ішінде коммуналдық секторға 6,8 трлн теңге және энергетика секторына 6,2 трлн теңге бағытталады.
"Бұл қаражат 84 мың шақырым желіні жөндеп, жаңғыртуға, 7 309 мегаватт қуатты іске қосуға, 27 энергия өндіру нысанын салуға және реконструкциялауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде желілік инфрақұрылымның тозу деңгейі ел бойынша орташа есеппен 40%-ға дейін қысқарады деп жоспарланып отыр. Нысандардағы апаттылық деңгейі 25%-ға дейін қысқарады", - деді Асан Дарбаев.
Айта кетері, 2024 жылы "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы қабылданды. Бағдарлама жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы табиғи монополиялардың 247 субъектісін қамтиды. 2029 жылға қарай 70 коммуналдық кәсіпорынды тәуекелі жоғары дағдарыстық аймақтан шығару жоспарланған.