"Жылу есептегішін тіркеу керек": полиция алаяқтардың жаңа тәсілі туралы ескертті

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Жазылу
SMS-кодты ешкімге айтуға болмайды, дейді тәртіп сақшылары
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі азаматтарды коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырды.
"Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың мақсаты – жеке мәліметтеріңізге немесе банк шотыңызға қол жеткізу", - дейді полицейлер.
Алаяқтар әдетте:
жылу есептегішін тіркеу керек;
өтініш қалдырғансыз;
құжаттарыңызды жаңарту қажет;
берешегіңіз бар немесе жеңілдік рәсімдейміз деген сияқты сылтаулар айтады.
Кейін олар телефонға келген SMS-кодты сұрайды. Бұл кодты ешкімге айтуға болмайды.
SMS-код арқылы алаяқтар банк қосымшасына кіруге, мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге және сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін.
Сондықтан тәртіп сақшылары мыналарды ескертті:
телефон соққан адамның кім екенін тексеріңіз;
SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және жеке мәліметтерді ешкімге бермеңіз;
күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз;
бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай қосымшаны жүктемеңіз және сілтемелерге өтпеңіз.
Полиция коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодты сұрамайтынын еске салады.
МВД Казахстана здание  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
"Оқуға қабылдандыңыз": ІІМ мұндай SMS-хабарламалардың жалған екенін ескертті
Жаңалықтар
0