https://sputnik.kz/20260727/toqaev-toqtar-aubakirovti-80-zhasqa-toluymen-quttyqtady-65243748.html
Тоқаев Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Тоқаев Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Sputnik Қазақстан
1946 жылдың 27 шілдесінде қазақтың тұңғыш ғарышкері дүниеге келген 27.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-27T14:22+0500
2026-07-27T14:22+0500
2026-07-27T14:29+0500
қасым-жомарт тоқаев
тоқтар әубәкіров
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1b/65241505_22:40:1208:707_1920x0_80_0_0_723c028fcef3c821353aa3449309ba60.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ммемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Президенттің құттықтау хатын премьер-министр Олжас Бектенов оқып берді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі."Халқымыз өзіңізді әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейді. Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Парламент Мәжілісінің депутаты болған кезіңде терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді отандық заңнаманы жетілдіру ісіне арнадыңыз. Алдағы кезеңде еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін", — делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында.Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген премьер-министр ғарыш саласының Қазақстанның технологиялық дамуына қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.Елімізде ұлттық спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы, экология және өзге де салалардың қажеттілігі үшін деректерді өңдеу жүйесі жетілдірілуде, сонымен қатар деректерді өңдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, шалғайдағы елді мекендердің интернетке қолжетімділігі артып келеді.Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан "Сұңқар" зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашқаны ерекше аталып өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1b/65241505_170:30:1089:719_1920x0_80_0_0_7824e0dc1b2b22bbc63439e18b0f0f4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тоқтар әубәкіров
қасым-жомарт тоқаев, тоқтар әубәкіров
Тоқаев Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
14:22 27.07.2026 (жаңартылды: 14:29 27.07.2026) 1946 жылдың 27 шілдесінде қазақтың тұңғыш ғарышкері дүниеге келген
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ммемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Президенттің құттықтау хатын премьер-министр Олжас Бектенов оқып берді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Халқымыз өзіңізді әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейді. Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Парламент Мәжілісінің депутаты болған кезіңде терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді отандық заңнаманы жетілдіру ісіне арнадыңыз. Алдағы кезеңде еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін", — делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында.
Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген премьер-министр ғарыш саласының Қазақстанның технологиялық дамуына қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.
Елімізде ұлттық спутниктік байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы, экология және өзге де салалардың қажеттілігі үшін деректерді өңдеу жүйесі жетілдірілуде, сонымен қатар деректерді өңдеу мүмкіндіктері кеңейтіліп, шалғайдағы елді мекендердің интернетке қолжетімділігі артып келеді.
Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан "Сұңқар" зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашқаны ерекше аталып өтті.