https://sputnik.kz/20260727/shymkentte-psikhikalyq-auruga-shaldyqqan-ayeldin-mulkin-tuystary-satyp-zhibergen-65236047.html
Шымкентте психикалық ауруға шалдыққан әйелдің мүлкін туыстары сатып жіберген
Шымкентте психикалық ауруға шалдыққан әйелдің мүлкін туыстары сатып жіберген
Sputnik Қазақстан
Әйелдің айтуынша, екі нотариус пен үш туысы оның психикалық жағдайын пайдаланып, қажетті құжаттарды рәсімдеген 27.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-27T10:31+0500
2026-07-27T10:31+0500
2026-07-27T10:31+0500
шымкент
пәтер
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31475807_0:171:3031:1876_1920x0_80_0_0_681e0c9b004591585421eb1686691211.jpg
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны тұрғын үйі мен жер учаскесінен, сондай-ақ пәтерінен айырылып қалғанын айтып, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Жоғарғы сот.ІІ топтағы мүгедек әйелдің мүлкін туыстары заңсыз сатып жіберген.Әйелдің айтуынша, жауапкерлер – екі нотариус пен үш туысы оның психикалық жағдайын пайдаланып, қажетті құжаттарды рәсімдеген. Кейін оның барлық мүлкі, яғни жер учаскесі бар тұрғын үйі мен пәтері сатылып кеткен. Соның салдарынан талап қоюшы баспанасынан айырылып, туыстарының үйінде тұруға мәжбүр болған.Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, әйелдің 2019 жылдан бері психикалық аурумен ауыратыны анықталған. Сенімхатқа қол қойған кезде ол өз әрекетінің мәнін түсінбеген және оларды басқара алмаған.Сот сенімхаттарды рәсімдеу кезінде талап қоюшының ерік білдіруі саналы болмаған деген қорытындыға келді. Осыған байланысты сенімхаттар мен сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды.Сотқа жүгінген әйелдің мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.
https://sputnik.kz/20230809/shymkentte-tanystary-men-tuystaryn-340-mln-tengege-aldagan-qylmystyq-top-sottaldy-37391213.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31475807_151:705:1942:2048_1920x0_80_0_0_71d0bc3da0f03682e6d629a811f4ca3e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, пәтер
Шымкентте психикалық ауруға шалдыққан әйелдің мүлкін туыстары сатып жіберген
Әйелдің айтуынша, екі нотариус пен үш туысы оның психикалық жағдайын пайдаланып, қажетті құжаттарды рәсімдеген
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының тұрғыны тұрғын үйі мен жер учаскесінен, сондай-ақ пәтерінен айырылып қалғанын айтып, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Жоғарғы сот.
ІІ топтағы мүгедек әйелдің мүлкін туыстары заңсыз сатып жіберген.
"Талап қоюшы туыстарына сенімхатты қандай жағдайда бергенін және оған қашан қол қойғанын есіне түсіре алмайды. Ол өз мүлкіне билік етуге ешқандай ерік білдірмегенін айтады. Сенімхат рәсімделіп, мәмілелер жасалған кезде өзі облыстық психикалық денсаулық орталығында стационарлық ем қабылдап жатқан", – деп хабарлады сот.
Әйелдің айтуынша, жауапкерлер – екі нотариус пен үш туысы оның психикалық жағдайын пайдаланып, қажетті құжаттарды рәсімдеген. Кейін оның барлық мүлкі, яғни жер учаскесі бар тұрғын үйі мен пәтері сатылып кеткен. Соның салдарынан талап қоюшы баспанасынан айырылып, туыстарының үйінде тұруға мәжбүр болған.
Сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, әйелдің 2019 жылдан бері психикалық аурумен ауыратыны анықталған. Сенімхатқа қол қойған кезде ол өз әрекетінің мәнін түсінбеген және оларды басқара алмаған.
Сот сенімхаттарды рәсімдеу кезінде талап қоюшының ерік білдіруі саналы болмаған деген қорытындыға келді. Осыған байланысты сенімхаттар мен сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды.
Сотқа жүгінген әйелдің мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.