https://sputnik.kz/20260727/petropavlda-tatar-adebietinin-klassigi-gabdolla-toqayga-byust-ornatyldy-65222456.html
Петропавлда татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқайға бюст орнатылды
Петропавлда татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқайға бюст орнатылды
Sputnik Қазақстан
Жазушының бюстіне Рустам Минниханов, Ғауез Нұрмұхамбетов және Дәурен Абаев гүл шоғын қойды 27.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-27T08:00+0500
2026-07-27T08:00+0500
2026-07-27T08:07+0500
татарстан
жазушы
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1a/65221944_0:38:1226:727_1920x0_80_0_0_48a37c9aa6ea2181b9fb3d9ed7436d21.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Петропавл қаласында татар әдебиетінің классигі, көрнекті ақын әрі жазушы Ғабдолла Тоқайға арналған бюстің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жазушының бюстіне Татарстан басшысы Рустам Минниханов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев гүл шоғын қойды.Татарстан басшысының әлеуметтік желіде жариялаған суреттерінен жаңа ескерткіш орналасқан алаңға қазақтың әдебиет қайраткерлері Мағжан Жұмабаев пен Герольд Бельгердің бейнесі салынған муралдар "қарап" тұрғанын көруге болады."Бұл айтулы оқиға ұлы ақынның туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Тағдыры Қазақстанмен тығыз байланысты Ғабдолла Тоқайдың шығармашылық мұрасы халықтарымыздың ортақ тарихи тамырын және мәдени байланысын айшықтайды. Тоқайға арналған ескерткіштің ашылуы бауырлас халықтарымыз арасындағы достықтың тағы бір символына айналды", – деп жазды Рустам Минниханов өзінің Telegram каналында.
https://sputnik.kz/20220602/nyu-deli-abay-byust-25245363.html
татарстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1a/65221944_68:0:1144:807_1920x0_80_0_0_b44373cff5a942dc5fae8f71887dc953.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
татарстан, жазушы
Петропавлда татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқайға бюст орнатылды
08:00 27.07.2026 (жаңартылды: 08:07 27.07.2026) Жазушының бюстіне Рустам Минниханов, Ғауез Нұрмұхамбетов және Дәурен Абаев гүл шоғын қойды
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Петропавл қаласында татар әдебиетінің классигі, көрнекті ақын әрі жазушы Ғабдолла Тоқайға арналған бюстің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жазушының бюстіне Татарстан басшысы Рустам Минниханов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев гүл шоғын қойды.
Татарстан басшысының әлеуметтік желіде жариялаған суреттерінен жаңа ескерткіш орналасқан алаңға қазақтың әдебиет қайраткерлері Мағжан Жұмабаев пен Герольд Бельгердің бейнесі салынған муралдар "қарап" тұрғанын көруге болады.
"Бұл айтулы оқиға ұлы ақынның туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Тағдыры Қазақстанмен тығыз байланысты Ғабдолла Тоқайдың шығармашылық мұрасы халықтарымыздың ортақ тарихи тамырын және мәдени байланысын айшықтайды. Тоқайға арналған ескерткіштің ашылуы бауырлас халықтарымыз арасындағы достықтың тағы бір символына айналды", – деп жазды Рустам Минниханов өзінің Telegram каналында.