Павлодар облысында көмір кенішінде жұмысшы көз жұмды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуКөмір шахтасы, архивтегі фото
Көмір шахтасы, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Жазылу
42 жастағы ер адам бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жарақат алған
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы "Майкубен Вест" кәсіпорнында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпаратты мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады. 1984 жылғы жұмысшы бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жарақат алған.
"24 шілдеде Баянауыл ауданындағы "Майкубен Вест" серіктестігі аумағында алдын ала бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері көз жұмды", - дейді департамент басшысы Асқар Қапанов.
Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі.
Шығыс Қазақстанда шахтада жұмысшы қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2026
Шығыс Қазақстанда шахтада жұмысшы қаза тапты
Жаңалықтар
0