https://sputnik.kz/20260727/munay-zhane-gaz-tasymalynyn-tomendeui-kolik-salasynyn-osimin-tezhep-otyr--zhumangarin-65239726.html
Мұнай және газ тасымалының төмендеуі көлік саласының өсімін тежеп отыр – Жұманғарин
Мұнай және газ тасымалының төмендеуі көлік саласының өсімін тежеп отыр – Жұманғарин
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты басқа секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлінді 27.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-27T12:51+0500
2026-07-27T12:51+0500
2026-07-27T12:51+0500
мұнай
газ
көлік
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65054413_0:0:1075:605_1920x0_80_0_0_e0cabb08b2b0918cfb38f94909b5363f.jpg
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Астанада экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.Отырыс барысында мұнай өндіру көлемінің уақытша төмендеуі жағдайында экономикалық өсудің негізгі драйвері болып қала беретін мұнайға қатысы жоқ секторларды дамыту мәселесіне баса назар аударылды. Олардың қатарында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және ауыл шаруашылығы салалары бар.Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 9,8%-ға артуы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Негізгі өсім машина жасау (+23,2%), химия өнеркәсібі (+19,0%), азық-түлік өндірісі (+14,7%) және жеңіл өнеркәсіп (+89,2%) салалары есебінен қамтамасыз етіліп отыр.Көлік саласындағы өсім тасымал көлемінің жалпы ұлғаюына қарамастан, мұнай мен газ тасымалының төмендеуі есебінен шектеліп отыр. Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдің транзиттік әлеуетін, әсіресе теміржол және автомобиль бағыттарында барынша тиімді пайдалануды тапсырды.Жеті айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсім қалыптасып отыр. Сондай-ақ азық-түлік пен сусын өндірісі артады деп болжанып отыр. Егін жинау науқанын тиімді өткізу, мал шаруашылығын дамыту және агроөнеркәсіп кешенін жеңілдікпен қаржыландырудың рекордтық көлемі есебінен оң динамиканы сақтау жоспарланған."Осыған байланысты ұзақмерзімді экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін және өңірлік стандарттар жүйесінде көзделген, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын көпірлер, өткелдер, негізгі көлік магистральдары мен энергетика нысандарына ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілерінің сапалы жобаларын дайындау маңызды. Елімізде белсенді даму жалғасып жатыр, сондықтан жүзеге асырылатын жобалардың көлемі жыл сайын арта түсугетиіс", – деп атап өтті вице-премьер.
https://sputnik.kz/20260724/kqk-arqyly-munay-tasymalynyn-toqtauy-tenge-bagamyna-aser-etpeydi---suleymenov-65170210.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65054413_0:0:807:605_1920x0_80_0_0_ae1e09253e74f0ccb64a00f7c6bec6ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, газ, көлік
Мұнай және газ тасымалының төмендеуі көлік саласының өсімін тежеп отыр – Жұманғарин
Қазақстанда мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты басқа секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлінді
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Астанада экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
Отырыс барысында мұнай өндіру көлемінің уақытша төмендеуі жағдайында экономикалық өсудің негізгі драйвері болып қала беретін мұнайға қатысы жоқ секторларды дамыту мәселесіне баса назар аударылды. Олардың қатарында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және ауыл шаруашылығы салалары бар.
"Құрылыс саласында жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Жеті айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемін одан әрі арттыру және саланың даму қарқынын сақтау жоспарлануда. Ұлытау, Абай және Қызылорда облыстарында ең жоғары өсім болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 9,8%-ға артуы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Негізгі өсім машина жасау (+23,2%), химия өнеркәсібі (+19,0%), азық-түлік өндірісі (+14,7%) және жеңіл өнеркәсіп (+89,2%) салалары есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
"Сауда саласында да оң үрдіс байқалады. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тауар айналымы 36,2 трлн теңгеге жетті. Саудадағы нақты көлем индексі 105,7%-ды құрады. Саланы одан әрі дамыту үшін өңірлерге жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін Сауданы дамытудың жол картасын жүзеге асыру тапсырылды", - деп хабарлады ведомство.
Көлік саласындағы өсім тасымал көлемінің жалпы ұлғаюына қарамастан, мұнай мен газ тасымалының төмендеуі есебінен шектеліп отыр. Осыған байланысты премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдің транзиттік әлеуетін, әсіресе теміржол және автомобиль бағыттарында барынша тиімді пайдалануды тапсырды.
Жеті айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында тұрақты өсім қалыптасып отыр. Сондай-ақ азық-түлік пен сусын өндірісі артады деп болжанып отыр. Егін жинау науқанын тиімді өткізу, мал шаруашылығын дамыту және агроөнеркәсіп кешенін жеңілдікпен қаржыландырудың рекордтық көлемі есебінен оң динамиканы сақтау жоспарланған.
"Осыған байланысты ұзақмерзімді экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін және өңірлік стандарттар жүйесінде көзделген, республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын көпірлер, өткелдер, негізгі көлік магистральдары мен энергетика нысандарына ерекше назар аудару қажет. Сонымен қатар денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілерінің сапалы жобаларын дайындау маңызды. Елімізде белсенді даму жалғасып жатыр, сондықтан жүзеге асырылатын жобалардың көлемі жыл сайын арта түсугетиіс", – деп атап өтті вице-премьер.