https://sputnik.kz/20260727/elektr-stansalaryn-zhondeuge-384-mlrd-tenge-bolindi-65230560.html
Электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді
Электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
Электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланған 27.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-27T08:21+0500
2026-07-27T08:21+0500
2026-07-27T08:21+0500
жылу электр орталығы
жылу беру маусымы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61202059_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_fb3c7216656b7642870ef2c4abd8ecea.jpg.webp
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Жылыту маусымына дайындық жұмыстары үзіліссіз жалғасып жатыр.Айта кетері, бұл қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады. Әрбір станса жөндеу жұмыстарын бірінші кезекте жүргізуді қажет ететін ең тозған учаскелерді өз бетінше айқындайды.Қазіргі уақытта ерекше бақылауда тәуекелдің "қызыл" аймағында тұрған 5 жылу энергетикалық нысан бар: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1.Жыл қорытындысы бойынша электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20260630/ush-zhylu-elektr-ortalygy-salynady--toqaev-naqty-merzimin-belgiledi-64557677.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61202059_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_848987fe29025806cdba8d86ee977c50.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, жылу беру маусымы
жылу электр орталығы, жылу беру маусымы
Электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді
Электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланған
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жылыту маусымына дайындық жұмыстары үзіліссіз жалғасып жатыр.
"Қаржыландыру көлемі қайтадан ұлғайтылды – биыл тек электр стансаларын жөндеуге нысан иелері 384 млрд теңге бөліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, бұл қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады. Әрбір станса жөндеу жұмыстарын бірінші кезекте жүргізуді қажет ететін ең тозған учаскелерді өз бетінше айқындайды.
Қазіргі уақытта ерекше бақылауда тәуекелдің "қызыл" аймағында тұрған 5 жылу энергетикалық нысан бар: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1.
Жыл қорытындысы бойынша электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.