ЕАЭО жұмыскерлері медсақтандыруды жергілікті азаматтармен бірдей шартта пайдалана алады

© Photo : DarkoStojanovicМедицинские принадлежности и документы на столе у врача, иллюстративное фото
Медицинские принадлежности и документы на столе у врача, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2026
Жазылу
Жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелері жедел медициналық көмектен бөлек, міндетті медициналық сақтандыру аясындағы өзге де медициналық қызметтерге қол жеткізе алады
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің жұмыскерлеріне міндетті медициналық сақтандыру (ММС) жүйесінің қолжетімді болуын ерекше бақылауда ұстап отыр.
Бұл туралы ЕЭК-тің Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаменті Еңбек ресурстары бөлімінің басшысы Шыңғыс Сарыбаев мәлімдеді.
Бүгінде ММС жүйесі одақтың төрт мемлекетінде – Арменияда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде жұмыс істейді. Ол жедел медициналық көмекке, сондай-ақ басқа да медициналық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
"ЕАЭО туралы шартта одаққа мүше мемлекеттердің жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелері өзі жұмыс істейтін елдің азаматтарымен бірдей шартта және бірдей тәртіппен міндетті медициналық сақтандыру алуға құқылы екені көрсетілген. Бұл елдерде жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелері жедел медициналық көмектен бөлек, ММС шеңберіндегі басқа да медициналық қызметтерге қол жеткізе алады", – деді Сарыбаев.
Сондай-ақ ол әлі де шешуді қажет ететін мәселелер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, Ресейде уақытша болатын жұмыскерлердің жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне ММС жүйесі қолжетімсіз.
"Біз бұл мәселенің маңыздылығын түсінеміз. Қазіргі уақытта комиссия тараптармен бірлесіп, елдеріміздің азаматтарының денсаулығын сенімді қорғау үшін осы мәселені шешу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Еңбек етуге неғұрлым қолайлы әрі тең жағдай жасауды жалғастырып жатыр", – деп атап өтті ЕЭК.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
ЕАЭО-да Моңғолиямен жасалған келісім аясында жаңа кеден кодтары енгізіледі
Жаңалықтар
0