https://sputnik.kz/20260726/qazaqstandyq-zhauyngerdin-zhatqan-zheri-80-zhyldan-keyin-tabyldy--65213621.html
Қазақстандық жауынгердің жатқан жері 80 жылдан кейін табылды
Қазақстандық жауынгердің жатқан жері 80 жылдан кейін табылды
Sputnik Қазақстан
Марқұмның туысы осыдан 11 жыл бұрын іздеу жұмыстарына кіріскен 26.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-26T10:53+0500
2026-07-26T10:53+0500
2026-07-26T11:21+0500
соғыс ардагері
ұлы отан соғысы
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65053315_0:46:700:440_1920x0_80_0_0_607df9cf0d0606d7f41e960a0c5078ef.jpg
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Жақыпхан Махмұтовтың туыстары ағасының жатқан жерін 82 жылдан кейін тауып алды. Аға сержант 1944 жылы мамыр айында Молдованы азат ету кезінде оққа ұшқан. Sputnik Молдоваға сұхбат берген туыстары оның жатқан жерін қалай тауып алғанын айтып берді. Атын “Якуб” деп жазғанРоза Ескендірова тәтесінің жылда жылап отырғанын көріп өсті. Оның әкесі де соғыста хабар-ошарсыз кеткен інісін жиі еске алып отыратын. Одан естелікке де ештеңе қалмады.Осыдан 11 жыл бұрын Роза іздеу жұмыстарына білек сыбана кіріскен. Біраз қиындық та болды. "Ағамның шын аты - Жақыпхан. Ал құжаттарда "Якуб" деп жазылып кеткен. Мұрағат құжаттарында да солай екен. Осыны білгеннен кейін ғана "Якуб" атымен іздей бастадық", - дейді ол. Алғашқы мәліметтер Бас кезінде туыстары Жақыпхан әскерге Қазақстаннан шақырылды деп ойлаған. Ал Роза нақты мәлімет тапқан. Оны Қазақстаннан емес, Ташкент облысынан алып кеткен. Артынан Жақыпханның хабар-ошарсыз кеткен ауданы да анықталды. Бірақ оны да кезінде қатемен жазып қойыпты. Осыдан кейін ол Молдовадағы іздеу қозғалысына хат жазды. "Мен хатты түнгі сағат үш жарымның кезінде жібердім. Он екі сағаттан кейін жауап келді. Осылайша, 80 жыл бойы іздеп келіп, бір тәулікке де толмайтын уақытта таптық қой", — деп атап көрсетті Искандирова. Мұрағат құжаттары не дейді РФ Қорғаныс министрлігі орталық мұрағатының мәліметіне сәйкес, 1915 жылы туған Якуб Махмұтұлы Махмұтов Ташкент облысының Орджоникидзе аудандық әскери комиссариатымен шақырылған болатын. 135-ші Константинов танк бригадасында үшінші батальонның Т-34 танк қаруының командирі болды. 1944 жылы 20 мамырда Кошница плацдармы үшін болған кескілескен ұрыстар кезінде аға сержант Махмұтов хабар-ошарсыз кетті. Молдованың іздеу отрядтары осы құжаттарды зерделеп, Якуб Махмутовтың дәл осы ауылдың маңайында қаза тапқанын растады. Ал сол жердегі мемориалдық кешенді жаңарту кезінде қазақстандық жауынгердің есімі бауырластар зиратындағы гранит тақтаға жазылды. Роза Искандерова және оның туыстары ағасының жатқан жерін тапқанына қатты қуанып отыр. Ендігі мақсат-сол жерге барып, құран бағыштау.
https://sputnik.kz/20260706/sogys-zhyldarynda-khabar-osharsyz-ketken-batyrdyn-medali-80-zhyldan-keyin-tuystaryna-berildi-64703622.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/14/65053315_0:0:700:525_1920x0_80_0_0_aa0fc88d1ffb16204ee22812fb779ca3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері, ұлы отан соғысы
соғыс ардагері, ұлы отан соғысы
Қазақстандық жауынгердің жатқан жері 80 жылдан кейін табылды
10:53 26.07.2026 (жаңартылды: 11:21 26.07.2026) Марқұмның туысы осыдан 11 жыл бұрын іздеу жұмыстарына кіріскен
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Жақыпхан Махмұтовтың туыстары ағасының жатқан жерін 82 жылдан кейін тауып алды. Аға сержант 1944 жылы мамыр айында Молдованы азат ету кезінде оққа ұшқан. Sputnik Молдоваға сұхбат берген туыстары оның жатқан жерін қалай тауып алғанын айтып берді.
Роза Ескендірова тәтесінің жылда жылап отырғанын көріп өсті. Оның әкесі де соғыста хабар-ошарсыз кеткен інісін жиі еске алып отыратын. Одан естелікке де ештеңе қалмады.
"Мен жалғыз фотосуретін жиенімнің үйінен тауып алдым. Ағам жас кезінде құжатқа түскен сияқты. Дәл осы фотодан іздеу шаралары басталды", - деп еске алады Ескендірова.
Осыдан 11 жыл бұрын Роза іздеу жұмыстарына білек сыбана кіріскен. Біраз қиындық та болды.
"Ағамның шын аты - Жақыпхан. Ал құжаттарда "Якуб" деп жазылып кеткен. Мұрағат құжаттарында да солай екен. Осыны білгеннен кейін ғана "Якуб" атымен іздей бастадық", - дейді ол.
Бас кезінде туыстары Жақыпхан әскерге Қазақстаннан шақырылды деп ойлаған. Ал Роза нақты мәлімет тапқан. Оны Қазақстаннан емес, Ташкент облысынан алып кеткен. Артынан Жақыпханның хабар-ошарсыз кеткен ауданы да анықталды. Бірақ оны да кезінде қатемен жазып қойыпты.
"Мен ол ауылды "Кашкино" деп іздегенмін. Сөйтсе, Молдовада ондай елді мекен жоқ. Интернетті тағы ақтара бастадым. Сол кезде Кошница ауылы үшін болған кескілескен ұрыстар туралы ақпарат таптым. 135-ші танк бригадасы қорғаған екен", — дейді Роза.
Осыдан кейін ол Молдовадағы іздеу қозғалысына хат жазды.
"Мен хатты түнгі сағат үш жарымның кезінде жібердім. Он екі сағаттан кейін жауап келді. Осылайша, 80 жыл бойы іздеп келіп, бір тәулікке де толмайтын уақытта таптық қой", — деп атап көрсетті Искандирова.
Мұрағат құжаттары не дейді
РФ Қорғаныс министрлігі орталық мұрағатының мәліметіне сәйкес, 1915 жылы туған Якуб Махмұтұлы Махмұтов Ташкент облысының Орджоникидзе аудандық әскери комиссариатымен шақырылған болатын.
135-ші Константинов танк бригадасында үшінші батальонның Т-34 танк қаруының командирі болды. 1944 жылы 20 мамырда Кошница плацдармы үшін болған кескілескен ұрыстар кезінде аға сержант Махмұтов хабар-ошарсыз кетті. Молдованың іздеу отрядтары осы құжаттарды зерделеп, Якуб Махмутовтың дәл осы ауылдың маңайында қаза тапқанын растады.
Ал сол жердегі мемориалдық кешенді жаңарту кезінде қазақстандық жауынгердің есімі бауырластар зиратындағы гранит тақтаға жазылды. Роза Искандерова және оның туыстары ағасының жатқан жерін тапқанына қатты қуанып отыр. Ендігі мақсат-сол жерге барып, құран бағыштау.