Қазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етеді

© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіҚазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етеді
Қазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етеді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2026
Жазылу
Қазақстандық делегация ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар қоғамдық ұйымдарының форумына және Кеңес мүшелерінің панельдік пікірталасына қатысты
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Арменияның Капан қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.
Оған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты. Іс-шара "ТМД жастар астанасы" халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.
© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіҚазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етеді
Қазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етеді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2026
Қазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етеді
"Отырыс барысында қатысушы мемлекеттердің өкілдері жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жастар бастамаларын қолдау, волонтерлік қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы жастар саясаты саласындағы көпжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді", - дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстандық делегация ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар қоғамдық ұйымдарының форумына және Кеңес мүшелерінің панельдік пікірталасына қатысты. Басқосуларда ТМД елдерінің жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары сөз болды.
Жиын қорытындысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық ету кезегі Қазақстанға өтті, дейді министрлік.
Қазақстандық студенттер ЕАЭО және ТМД-ның ІІІ Жастар форумына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2025
Қазақстандық студенттер ЕАЭО және ТМД-ның ІІІ Жастар форумына қатысты
Жаңалықтар
0