https://sputnik.kz/20260726/ali-akhmedov-ibo-chempiondyq-belbeuin-zhenip-aldy-65219630.html
Әли Ахмедов IBO чемпиондық белбеуін жеңіп алды
Әли Ахмедов IBO чемпиондық белбеуін жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізді 26.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-26T16:48+0500
2026-07-26T16:48+0500
2026-07-26T16:48+0500
әлем чемпионы
кәсіпқой бокс
https://sputnik.kz/img/758/13/7581328_0:57:1100:676_1920x0_80_0_0_567902714993ea51405033367177f8fa.jpg
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы уақытша әлем чемпионы атанды, деп хабарлады 1bol.kz.Ахмедов Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Асемахле Веллеммен қолғап түйістірді. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық боксшы үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.Осылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы белдігін иеленді. Ал Асемахле Веллем кәсіпқой рингтегі үшінші жеңілісіне ұшырады.Айта кетері, Ахмедов бұған дейін шаршы алаңға өткен жылдың желтоқсан айында шығып, ганалық Делали Миледзиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
https://sputnik.kz/20260709/daniyar-eleusinov-qamauga-alyndy-64785533.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/758/13/7581328_62:0:1039:733_1920x0_80_0_0_b6bb8a0488bd9f98b81c4c0d2c57a1ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлем чемпионы, кәсіпқой бокс
әлем чемпионы, кәсіпқой бокс
Әли Ахмедов IBO чемпиондық белбеуін жеңіп алды
Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы уақытша әлем чемпионы атанды, деп хабарлады
1bol.kz. Ахмедов Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Асемахле Веллеммен қолғап түйістірді. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық боксшы үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
"Кездесу барысында Ахмедовтың басымдығы анық байқалды. Екінші раундта төреші Веллемге екі рет нокдаун санаған болса, үшінші раундта тағы бір мәрте нокдаун тіркелді. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті қазақстандық боксшыға берді", - деп жазды портал.
Осылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы белдігін иеленді. Ал Асемахле Веллем кәсіпқой рингтегі үшінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетері, Ахмедов бұған дейін шаршы алаңға өткен жылдың желтоқсан айында шығып, ганалық Делали Миледзиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.