Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіҚазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Жазылу
Төл мәдени мұрамыз ЮНЕСКО-ның беделді тізіміне соңғы рет 22 жыл бұрын қосылған болатын
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді. Бүгін Корея Республикасының Пусан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-ші сессиясында осындай оң шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Маңғыстау облысындағы жерасты мешіттерге Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата мен Сұлтан Үпі мешіті кіреді.
"Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Өйткені, төл мәдени мұрамыз ЮНЕСКО-ның беделді тізіміне соңғы рет 22 жыл бұрын, яғни 2004 жылы қосылған болатын (2003 жылы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 2004 жылы – Таңбалы петроглифтері). Кейінгі жылдары ғана президенттің бастамасымен бұл бағыттағы жұмыс қайта жанданып, жаңа деңгейге көтерілді", - дейді президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин.
© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді - Sputnik Қазақстан
1/4
© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді - Sputnik Қазақстан
2/4
© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді - Sputnik Қазақстан
3/4
© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандағы мешіттер ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді - Sputnik Қазақстан
4/4
1/4
2/4
3/4
4/4
Оның айтуынша, Маңғыстаудың жартасты мешіттері тек құлшылық жасайтын мекен ғана емес, өз заманында білім мен ағартудың өзіндік орталықтары да болды.
"Бұл жартастарда халқымыздың тарихи жады, ата-бабаларымыздың аманаты сақталған. Осылайша, ЮНЕСКО аталған нысандарды көпғасырлық рухани, мәдени, архитектуралық дәстүрлердің озық үлгісі ретінде мойындады", - деді Қарин.
Алдағы уақытта таза ағаштан салынған Жаркент мешіті мен Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуін, Қаратау петроглифтерін, сондай-ақ, хәкім Абайдың "Қара сөздерін" ЮНЕСКО тізімдеріне енгізу жоспарланып отыр.
Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2026
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы ЮНЕСКО шеңберінде дәріптелмек
Жаңалықтар
0