https://sputnik.kz/20260725/kolik-zhurgizushileri-ushin-manyzdy-kelisim-kushine-endi-65187063.html
Көлік жүргізушілері үшін маңызды келісім күшіне енді
Көлік жүргізушілері үшін маңызды келісім күшіне енді
Sputnik Қазақстан
Біріккен Араб Әмірліктеріне уақытша барған Қазақстан азаматтары өз елінің жүргізуші куәлігін пайдалана алады 25.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-25T12:29+0500
2026-07-25T12:29+0500
2026-07-25T12:29+0500
жүргізуші куәлігі
баә
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/1248/01/12480143_54:0:2802:1546_1920x0_80_0_0_28cf27d4c4aab18b56d9be10f9334efa.jpg
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісім күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Келісімге сәкес, Біріккен Араб Әмірліктеріне уақытша барған Қазақстан азаматтары өз елінің жүргізуші куәлігін пайдалана алады.Қазақстанға тұрақты тұруға көшкен Біріккен Араб Әмірліктері азаматтары да дәл сондай тәртіппен көлік жүргізуге құқылы.Жүргізуші куәлігін айырбастауға қажетті құжаттар:Ұлттық жүргізуші куәлігі тәркіленбейді. Айырбастау рәсімі аяқталғаннан кейін екі мемлекеттің құзыретті органдары бір-бірін жүргізілген рәсім туралы ғана хабардар етеді.Жеңілдетілген тәртіп тек “B” санаты мен “B1” кіші санатына ғана қолданылады. Өзге санаттар бойынша жүргізуші куәліктерін айырбастау қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
https://sputnik.kz/20260707/qazaqstandyqtar-baa-de-zhurgizushi-kualigin-emtikhansyz-ayyrbastay-alady-64734301.html
баә
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1248/01/12480143_398:0:2459:1546_1920x0_80_0_0_44fd9ac25ac2d2d851b79edbfb4f7fb8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші куәлігі, баә, ішкі істер министрлігі
жүргізуші куәлігі, баә, ішкі істер министрлігі
Көлік жүргізушілері үшін маңызды келісім күшіне енді
Біріккен Араб Әмірліктеріне уақытша барған Қазақстан азаматтары өз елінің жүргізуші куәлігін пайдалана алады
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісім күшіне енеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Келісімге сәкес, Біріккен Араб Әмірліктеріне уақытша барған Қазақстан азаматтары өз елінің жүргізуші куәлігін пайдалана алады.
"Ал тұрақты тұруға көшкен жағдайда "B" санаты (жеңіл автомобильдер) және "B1" кіші санаты (үш дөңгелекті көлік құралдары мен квадроциклдер) бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін айырбастай алады", - дейді министрлік мамандары.
Қазақстанға тұрақты тұруға көшкен Біріккен Араб Әмірліктері азаматтары да дәл сондай тәртіппен көлік жүргізуге құқылы.
Жүргізуші куәлігін айырбастауға қажетті құжаттар:
жарамды ұлттық жүргізуші куәлігі;
қолданыстағы тұруға ықтиярхат;
ықтиярхаттың ресми аудармасы (БАӘ-де – араб тіліне, Қазақстанда – қазақ немесе орыс тіліне);
медициналық тексеруден өткені туралы құжат.
Ұлттық жүргізуші куәлігі тәркіленбейді. Айырбастау рәсімі аяқталғаннан кейін екі мемлекеттің құзыретті органдары бір-бірін жүргізілген рәсім туралы ғана хабардар етеді.
Жеңілдетілген тәртіп тек “B” санаты мен “B1” кіші санатына ғана қолданылады. Өзге санаттар бойынша жүргізуші куәліктерін айырбастау қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.