Шымкентте экскаватор жұмысшыны басып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жазылу
Ол ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы ер адам Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысындағы жол құрылысында жұмыс істеген. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Шымкент қалалық полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Рельстер - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жағдайы ауыр: Жамбыл облысында әйелді пойыз басып кетті
Жаңалықтар
0