Қазақстан мен Ресей цифрлық білім беру мен жасанды интеллектіні дамытады

ИИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жазылу
Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында меморандумға қол қойылды
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық жоғары білім беруді дамыту орталығы" мен Сбер цифрлық білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологиялары мен цифрлық сервистерді бірлесіп пайдалануды, тәжірибе алмасуды және сараптамалық әлеуетті дамытуды көздейді.
"Сбермен ынтымақтастық – тәжірибе мен үздік шешімдерді алмасуға, оқытушылар мен білім алушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жаңа білім беру бастамаларын бірлесіп пысықтауға мүмкіндік береді", – деді орталық директоры Әлібек Мәдiбеков.
Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы бүгін Омбыда басталып, екі күнге созылады.
Форумның негізгі тақырыбы – "Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиектері".
Алдыңғы форум 2025 жылғы қарашада Орал қаласында өткен болатын.
Спасатели на Иртыше - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Қазақстан мен Ресейдің экологтары Ертістің экожүйесін сақтау мәселесін талқылады
Жаңалықтар
0