Қазақстан атом саласына кадр даярлау жөніндегі өз тәсілдерін таныстырды

© PhotoСтроительсто АЭС
Строительсто АЭС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жазылу
Тараптар өзара ұсыныстарды қарап, кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі алдағы бірлескен іс-шараларды бекітті
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан Республикасы атом саласы үшін кадр даярлау мәселелері жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, "Росатом" мемлекеттік корпорациясының, екі елдің бейінді ұйымдары мен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
"Кездесу барысында қазақстандық тарап атом саласына кадр даярлау жөніндегі өз тәсілдерін таныстырды. Атап айтқанда, кадрлық жоспарлау, білім беру бағдарламаларын дамыту, оқу-зертханалық базаны нығайту, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары мен салалық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Ресейлік тарап серіктес елдерде кадр даярлау тәжірибесін, атом электр станцияларын білікті мамандармен қамтамасыз ету тетіктерін, жас мамандарды қолдау, кадрлық ынтымақтастықты дамыту және қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бағыттарын таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар өзара ұсыныстарды қарап, кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі алдағы бірлескен іс-шараларды келісіп, бекітті.
Алмасадам Саткалиев принял участие в сессии высокого уровня Атомная энергетика в меняющемся мире: новые возможности для сотрудничества в рамках IV Международного молодежного ядерного форума Обнинск NEW - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2026
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында елеулі ғылыми әлеует бар - Сәтқалиев
Жаңалықтар
0