https://sputnik.kz/20260724/polsha-ukrainada-patriot-qa-arnalgan-zymyrandardy-ondiruge-qatysuga-nietti-65173030.html
Польша Украинада Patriot-қа арналған зымырандарды өндіруге қатысуға ниетті
Польша Украинада Patriot-қа арналған зымырандарды өндіруге қатысуға ниетті
Sputnik Қазақстан
Польша Украина аумағында Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандар өндірісін АҚШ және Украинамен бірлесіп іске қосуды ұсынып отыр 24.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-24T15:58+0500
2026-07-24T15:58+0500
2026-07-24T15:58+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/1275/94/12759450_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_1613cc948ffb773aaec6f3c1963bc687.jpg
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Польша Украина аумағында Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандарды өндіруге қатысуға ниетті. Бұл туралы Польша ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Магдалена Собковяк-Чарнецкая мәлімдеді.Ол бейсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаменті мен Пентагондағы әріптестерімен кездесті.Собковяк-Чарнецкая бұл ретте АҚШ президенті Дональд Трамптың Анкарада өткен НАТО саммиті кезінде жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасады. Онда Украина аумағында Patriot жүйелерін өндіретін зауыт орналастыру мүмкіндігі қарастырылатыны айтылған.АҚШ президенті Дональд Трамп 8 шілдеде Вашингтон Киевке Patriot зымыран-тосқауылдағыштарын өндіруге лицензия беруі мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның айтуынша, қажетті технологияларды алғаннан кейін Украина олардың өндірісін жылдам бастай алады.
https://sputnik.kz/20260723/resey-ukraina-zhane-aqsh-arasyndagy-kezdesu-kuzge-deyin-otui-mumkin---zelenskiy--65141157.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1275/94/12759450_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_779e108a8b87b79b5e74120c3cd59901.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Польша Украинада Patriot-қа арналған зымырандарды өндіруге қатысуға ниетті
Польша Украина аумағында Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандар өндірісін АҚШ және Украинамен бірлесіп іске қосуды ұсынып отыр
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Польша Украина аумағында Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандарды өндіруге қатысуға ниетті. Бұл туралы Польша ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Магдалена Собковяк-Чарнецкая мәлімдеді.
Ол бейсенбі күні АҚШ мемлекеттік департаменті мен Пентагондағы әріптестерімен кездесті.
"БАҚ үшін өткен брифинг барысында министрдің орынбасары талқыланған тақырыптардың бірі Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар өндірісі болғанын хабарлады. Әңгіме Украина аумағында осы жүйелерге арналған оқ-дәрілер шығаратын зауыт құру тұжырымдамасы туралы болды", – деп жазды Onet басылымы.
Собковяк-Чарнецкая бұл ретте АҚШ президенті Дональд Трамптың Анкарада өткен НАТО саммиті кезінде жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасады. Онда Украина аумағында Patriot жүйелерін өндіретін зауыт орналастыру мүмкіндігі қарастырылатыны айтылған.
"Біз үшжақты ынтымақтастық орнатуды, яғни АҚШ, Украина және Польшаны қатыстыруды ұсындық. Өйткені әңгіме осы өндірісті қорғау туралы болып отыр, өндіріс қауіпсіз жерде жүзеге асырылуға тиіс", – деді министрдің орынбасары.
АҚШ президенті Дональд Трамп 8 шілдеде Вашингтон Киевке Patriot зымыран-тосқауылдағыштарын өндіруге лицензия беруі мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның айтуынша, қажетті технологияларды алғаннан кейін Украина олардың өндірісін жылдам бастай алады.