https://sputnik.kz/20260724/byudzhet-qarazhatyn-zhymqyrudy-uyymdastyrgan-kudikti-vetnamnan-zhetkizildi-65150791.html
Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді
Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың наурызында ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланып, сот санкциясымен оған қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды 24.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-24T09:45+0500
2026-07-24T09:45+0500
2026-07-24T09:46+0500
вьетнам
күдікті
бюджет
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырушы Вьетнамнан жеткізілді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Ол әділет министрлігінің "Сот сараптамалары орталығы" РМКҚ- да мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде 2,5 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырды деген күдіктке ілінген.Еске салсақ, 2023–2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.Сот үкімімен аталған үш сотталушы кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысының мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.2025 жылдың наурызында ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланып, сот санкциясымен оған қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Биылғы жылдың басында ол Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында ұсталып, нәтижесінде Қазақстан Республикасына жеткізілді.Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260626/70-ten-astam-azamatty-san-soqtyrgan-kudikti-qyrgyzstannan-ekstraditsiyalandy-64455629.html
вьетнам
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вьетнам, күдікті, бюджет
Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған күдікті Вьетнамнан жеткізілді
09:45 24.07.2026 (жаңартылды: 09:46 24.07.2026) 2025 жылдың наурызында ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланып, сот санкциясымен оған қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырушы Вьетнамнан жеткізілді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Ол әділет министрлігінің "Сот сараптамалары орталығы" РМКҚ- да мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде 2,5 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырды деген күдіктке ілінген.
Еске салсақ, 2023–2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
"Алайда күдікті орталық директоры Р.Сатыбалдиев, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы Д.Искендерова., сондай-ақ "Марк Инвест" ЖШС мен "Direct Services" ЖШС-нің басшысы А.Шинтемировамен сөз байласып, жабдықтардың құнын үш есеге дейін негізсіз көтеру және жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен аталған үш сотталушы кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысының мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2025 жылдың наурызында ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланып, сот санкциясымен оған қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Биылғы жылдың басында ол Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында ұсталып, нәтижесінде Қазақстан Республикасына жеткізілді.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.