Алименттер арнайы шотқа аударылады

© Sputnik / Владислав ВодневДеньги в руках ребенка, архивное фото
Деньги в руках ребенка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Жазылу
Алименттерді есепке алуға арналған банктік шоттағы ақшаға тыйым салуға болмайды
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Келесі айдан бастап алименттер арнайы есепшотқа аударылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
25 тамызда кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке қабілетсіз адамдарды асырауға арналған алименттерді аударудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі. Негізгі масқат - қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету.
"Енді алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде өндіріп алынған алимент сомалары алименттерді есепке алуға арналған банктік шотқа ғана аударылатын болады. Ол үшін өндіріп алушы сот орындаушысына осындай банктік шоттың деректемелерін ұсынуға міндетті", - дейді министрлік мамандары.
Алименттерді есепке алуға арналған банктік шоттағы ақшаға тыйым салуға болмайды.
Осылайша, алимент үшін банкте арнайы банктік шот ашу керек. Оның деректемелерін сот орындаушысына ұсынғаннан кейін қаражат сол шотқа аударылады. Бұл ретте алимент бойынша қалыптасқан берешек сақталады және есептен шығарылмайды.
Алимент төлеймей, шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызы - 47 млн теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Алимент төлемей, шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызы - 47 млн теңге
Жаңалықтар
0