сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Құрылтай сайлауы: 145 мандатқа 545 кандидат таласады

Құрылтай сайлауы: 145 мандатқа 545 кандидат таласады
Құрылтай сайлауы: 145 мандатқа 545 кандидат таласады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Жазылу
Партиялық тізімдердегі әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың жалпы үлесі 43,9%-ды құрайды
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы жаңа парламентке өту үшін сайлауға қатысатын партиялық тізімдерді тіркеуді аяқтады.
145 мандатқа еліміздің 7 партиясынан барлығы 545 кандидат үміткер ретінде тіркелді.
"Әділет" — 186 кандидат;
"Respublika" — 75;
ҚХП (Қазақстан Халық партиясы) — 72;
"Ауыл" — 69;
"Ақ жол" — 63;
"Байтақ" — 47;
ЖСДП (Жалпыұлттық социал-демократиялық партия) — 33.
Партиялық тізімдердегі әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың жалпы үлесі 43,9%-ды құрайды.
Елде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Астана уақытымен сағат 18:00-де басталды. Ол 22 тамыз күні түн ортасына дейін жалғасады.
Жаңа Құрылтай парламентіне сайлау 23 тамызда өтеді.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Сайлау алдындағы үгіт-насихат басталады - Бас прокуратура ескерту жасады
Жаңалықтар
0