https://sputnik.kz/20260723/qazaqstan-shekarasynan-112-tonnadan-astam-zhagarmay-zansyz-shygarylmaq-bolgan-65125400.html
Шілденің басынан 112 тоннадан астам жанармай елден заңсыз шығарылмақ болған
Шілденің басынан 112 тоннадан астам жанармай елден заңсыз шығарылмақ болған
Sputnik Қазақстан
Кінәлі адамдар жауапқа тартылды 23.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-23T11:58+0500
2026-07-23T11:58+0500
2026-07-23T12:18+0500
жанармай
бақылау
шекара
https://sputnik.kz/img/07ea/07/08/64760199_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a73a5d421f07a91dc56bf958a9269272.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазақстаннан небәрі 20 күнде 112 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз шығарылмақ болған, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.Осы жылдың 1-21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген.Кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Бұл әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағар май көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған, дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.Осыдан бір ай бұрын Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.Өткен аптада шетелдіктер 2 тоннадан астам дизель отынын Қазақстаннан жасырын әкетпек болған. Кінәлі Қытай азаматтары жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 32 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20260709/qosymsha-bak-ornatqan-kolikter-kobeydi--255-adam-zhauapqa-tartyldy---64779935.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/08/64760199_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_266e13709435834cb460b52bc5ccc4ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жанармай, бақылау, шекара
жанармай, бақылау, шекара
Шілденің басынан 112 тоннадан астам жанармай елден заңсыз шығарылмақ болған
11:58 23.07.2026 (жаңартылды: 12:18 23.07.2026) Кінәлі адамдар жауапқа тартылды
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазақстаннан небәрі 20 күнде 112 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз шығарылмақ болған, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Осы жылдың 1-21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген.
Кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Бұл әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағар май көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған, дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.
Осыдан бір ай бұрын Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті
шаралар қабылдауды тапсырды.
Өткен аптада шетелдіктер 2 тоннадан астам
дизель отынын Қазақстаннан жасырын әкетпек болған. Кінәлі Қытай азаматтары жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 32 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.