https://sputnik.kz/20260723/kim-ne-aytsa-da-baribir-ush-ayelin-korsetken-almatylyq-zhauapqa-tartyldy-65126670.html
"Кім не айтса да, бәрібір": үш әйелін көрсеткен алматылық жауапқа тартылды
"Кім не айтса да, бәрібір": үш әйелін көрсеткен алматылық жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Оған 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды 23.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-23T12:35+0500
2026-07-23T12:35+0500
2026-07-23T12:36+0500
алматы
полиция
хиджаб
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Алматыда хиджаб киген үш келіншекпен видео түсірген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде құқыққа қайшы контентті анықтады.Үш әйелім бар деп мақтанған ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы, 3-1-бөлігі (құқыққа қайшы контентті орналастыру) бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.Ал профилактикалық әңгімелесуден кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған материалдарды өз еркімен өшіріп тастады.Айта кетері, Бақытжан есімді қала тұрғыны өз парақшасында хиджаб киген үш келіншекпен фотоға түскен сәттерін жариялады. Дүкенге бірге барған видеосын да салыпты. Ал оны сынаған адамдарға арнап тағы бір видеоны жазып: "Бізге кім не айтса да, бәрібір", - деген. Полиция дәл сол видеоны өшіріп тастауды талап еткен.
https://sputnik.kz/20260623/bet-zhuzin-tumshalagan-1600-den-astam-azamat-zhauapkershilikke-tartyldy---iim-64351686.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция, хиджаб
"Кім не айтса да, бәрібір": үш әйелін көрсеткен алматылық жауапқа тартылды
12:35 23.07.2026 (жаңартылды: 12:36 23.07.2026) Оған 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Алматыда хиджаб киген үш келіншекпен видео түсірген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде құқыққа қайшы
контентті анықтады.
"Авторы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамда қалыптасқан жалпыға ортақ моральдық-адамгершілік құндылықтарға қайшы өмір салтын ашық түрде насихаттаған. Оның жеке басы анықталды", - дейді полицейлер.
Үш әйелім бар деп мақтанған ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабы, 3-1-бөлігі (құқыққа қайшы контентті орналастыру) бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Ал профилактикалық әңгімелесуден кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған материалдарды өз еркімен өшіріп тастады.
Айта кетері, Бақытжан есімді қала тұрғыны өз парақшасында хиджаб киген үш келіншекпен фотоға түскен сәттерін жариялады. Дүкенге бірге барған видеосын да салыпты. Ал оны сынаған адамдарға арнап тағы бір видеоны жазып: "Бізге кім не айтса да, бәрібір", - деген. Полиция дәл сол видеоны өшіріп тастауды талап еткен.