https://sputnik.kz/20260723/elorda-turgyny-60-tan-astam-azamatty-500-mln-tengeden-astam-somaga-aldap-ketken-65121318.html
Елорда тұрғыны көршілері мен таныстарын 500 млн теңгеден астам сомаға алдап кеткен
Елорда тұрғыны көршілері мен таныстарын 500 млн теңгеден астам сомаға алдап кеткен
Sputnik Қазақстан
Ол азаматтарды өзінің түрлі байланыстары мен ипотеканы жедел рәсімдеуге, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін жағдайлары бар екеніне сендіріп, жаңылыстырған 23.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-23T09:55+0500
2026-07-23T09:55+0500
2026-07-23T10:00+0500
бас прокуратура
алаяқтық
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Астана қаласында әйел адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы таныстарына, көршілеріне және бұрыннан араласатын адамдарға қатысты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасаған, деп хабарлады бас прокуратура.Оның ұзақ уақыт бойы жауапкершіліктен жалтаруына жәбірленушілермен арадағы сенімді қарым-қатынасы себеп болған.Сондай-ақ декреттік төлемдерді рәсімдеуге көмектесетінін айтып, пайызбен ақша алып, оны үстеме пайдасымен қайтаратынына уәде бергенімен, өз міндеттемелерін орындамаған.Мәселен, жәбірленушінің сеніміне кірген сотталушы оны банкке екі бөлмелі пәтерін 16 млн теңге көлеміндегі несиеге кепілге қоюға көндірген. Ол несиені өзі төлейтінін және үш бөлмелі пәтер сатып алуға көмектесетінін уәде еткен. Алайда алынған ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Бастапқыда несиенің бір бөлігін төлегенімен, кейін төлемдерді тоқтатып, байланысқа шықпай қойған. Соның салдарынан жәбірленушіге 9 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.Тағы бір жағдайда әйел жәбірленушіден оның жұбайының декреттік төлемін көбейтіп беруге көмектесемін деген желеумен 5 млн теңгеден астам ақша алып, уәдесін орындамай, қаражатты толықтай иемденген.Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды.Сот үкімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260721/askerde-zorlyq-zhasady-aqsha-tabu-ushin-eldi-aldagan-astanalyq-sottaldy-65078800.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, алаяқтық, қылмыстық іс
бас прокуратура, алаяқтық, қылмыстық іс
Елорда тұрғыны көршілері мен таныстарын 500 млн теңгеден астам сомаға алдап кеткен
09:55 23.07.2026 (жаңартылды: 10:00 23.07.2026) Ол азаматтарды өзінің түрлі байланыстары мен ипотеканы жедел рәсімдеуге, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін жағдайлары бар екеніне сендіріп, жаңылыстырған
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Астана қаласында әйел адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы таныстарына, көршілеріне және бұрыннан араласатын адамдарға қатысты бірнеше рет алаяқтық әрекеттер жасаған, деп хабарлады бас прокуратура.
Оның ұзақ уақыт бойы жауапкершіліктен жалтаруына жәбірленушілермен арадағы сенімді қарым-қатынасы себеп болған.
"Ол азаматтарды өзінің түрлі байланыстары мен ипотеканы жедел рәсімдеуге, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін жағдайлары бар екеніне сендіріп, жаңылыстырған. Осы сылтаумен жәбірленушілерді өзіне ақша беруге, өз атына несие рәсімдеуге немесе жылжымайтын мүліктерін кепілге қоюға көндіріп, кейін алынған қаражатты иемденіп отырған", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ декреттік төлемдерді рәсімдеуге көмектесетінін айтып, пайызбен ақша алып, оны үстеме пайдасымен қайтаратынына уәде бергенімен, өз міндеттемелерін орындамаған.
Мәселен, жәбірленушінің сеніміне кірген сотталушы оны банкке екі бөлмелі пәтерін 16 млн теңге көлеміндегі несиеге кепілге қоюға көндірген. Ол несиені өзі төлейтінін және үш бөлмелі пәтер сатып алуға көмектесетінін уәде еткен. Алайда алынған ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Бастапқыда несиенің бір бөлігін төлегенімен, кейін төлемдерді тоқтатып, байланысқа шықпай қойған. Соның салдарынан жәбірленушіге 9 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.
Тағы бір жағдайда әйел жәбірленушіден оның жұбайының декреттік төлемін көбейтіп беруге көмектесемін деген желеумен 5 млн теңгеден астам ақша алып, уәдесін орындамай, қаражатты толықтай иемденген.
"Жалпы алғанда, оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 500 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтарды ұсынды. Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жекелеген эпизодтар бойынша жасаған ісіне өкініш білдірді", - дейді прокуратурада.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.