https://sputnik.kz/20260723/biryngay-qr-kod-bankter-bonustardy-qalay-toleydi-65135823.html
Бірыңғай QR-код: банктер бонустарды қалай төлейді
Бірыңғай QR-код: банктер бонустарды қалай төлейді
Sputnik Қазақстан
Сатып алушы үшін бірыңғай QR бойынша төлем жасау тегін 23.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-23T15:35+0500
2026-07-23T15:35+0500
2026-07-23T15:35+0500
ұлттық банк
төлем
https://sputnik.kz/img/461/39/4613965_0:130:2930:1778_1920x0_80_0_0_65d5c6d76ca0e3609e15c523d955a33c.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Ұлттық банк бірыңғай QR-кодпен төлеу кезінде комиссиялар мен бонустарды есептеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.19 шілде күні Қазақстанда мобильді төлемдердің жаңа банкаралық жүйесі жұмыс істей бастады. Соның аясында бірыңғай QR-код арқылы кез келген банктің терминалымен төлем жасауға мүмкіндік бар.Сатып алушы мен сатушының терминалына бір банк қызмет көрсетсе, тарифті сол банктің өзі белгілейді. Ал әртүрлі банктер болса, кәсіпкер 1 проценттік комиссия төлейді."1 проценті сатып алушының банкіне кетеді. Оның бір бөлігін банк клиенттерге бонус пен кэшбек түрінде қайтара алады. Яғни, комиссияның осы бөлігі бонус бағдарламаларын қаржыландырады. Қалған соманы қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін кәсіпкерге қызмет көрсетуші банк алады", - дейді мамандар.Сатып алушы үшін бірыңғай QR бойынша төлем жасау тегін.
https://sputnik.kz/20260618/bankter-ushin-biryngay-qr-kod-2026-zhyldyn-shildesinde-iske-qosylady--ulttyq-bank-64206997.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/461/39/4613965_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0bf4656e7c37b8dec20d41375073da0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, төлем
Бірыңғай QR-код: банктер бонустарды қалай төлейді
Сатып алушы үшін бірыңғай QR бойынша төлем жасау тегін
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Ұлттық банк бірыңғай QR-кодпен төлеу кезінде комиссиялар мен бонустарды есептеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
19 шілде күні Қазақстанда мобильді төлемдердің жаңа банкаралық жүйесі жұмыс істей бастады. Соның аясында бірыңғай QR-код арқылы кез келген банктің терминалымен төлем жасауға мүмкіндік бар.
"Банкаралық төлем кезінде бірыңғай QR арқылы орындалатын төлем комиссиясы бизнес үшін өзге банктің картасымен төлем жасаған кезде ұсталатын комиссиядан жоғары болмауға тиіс. Осылайша, кәсіпкерлер бірыңғай QR арқылы төлем қабылдағанда басқа кез келген банктің картасымен жасалған ұқсас транзакция құнынан артық шығын әкелмейтініне кепілдік беріледі", - дейді ұлттық банк мамандары.
Сатып алушы мен сатушының терминалына бір банк қызмет көрсетсе, тарифті сол банктің өзі белгілейді. Ал әртүрлі банктер болса, кәсіпкер 1 проценттік комиссия төлейді.
"1 проценті сатып алушының банкіне кетеді. Оның бір бөлігін банк клиенттерге бонус пен кэшбек түрінде қайтара алады. Яғни, комиссияның осы бөлігі бонус бағдарламаларын қаржыландырады. Қалған соманы қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін кәсіпкерге қызмет көрсетуші банк алады", - дейді мамандар.
Сатып алушы үшін бірыңғай QR бойынша төлем жасау тегін.