Астанада "Нұрлы жол" вокзалының төбесі опырылды - ҚТЖ түсініктеме берді

© Photo : АО "НК "Қазақстан темір жолы""Нұрлы жол" вокзалы
Нұрлы жол вокзалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта құлаған жер жөнделіп, құбырларды қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында төбенің бір бөлігі опырылып түскен.
22 шілдеде сағат 19:45-те "Нұрлы Жол" вокзал кешенінің 3-қабатында төбе жабынының бір бөлігі түсіп қалған.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Вокзал қызметкерлері зақымдалған учаскені тексерді. Суағар құбырларының жалғанған жері зақымданған", - дейді "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта құлаған жер жөнделіп, құбырларды қалпына келтіру жұмыстары жасалып жатыр. Жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін зақымдалған учаске тазартылып, жуылады, бөгде заттар жойылады, дейді теміржолшылар.
Платная парковка на вокзале Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2026
Астанада ескі вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті
Жаңалықтар
0