Жыл басынан бері шекарада жалған құжат қолданудың 200 фактісі анықталды

Қазақстан шекарасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Жазылу
Олардың қолданылуы шекараның оңтүстік бөліктерінде және халықаралық әуе желілерінде жиі анықталды
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері шекарада жалған құжат қолданудың 200 фактісі анықталды, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"Тек осы жылдың басынан бастап өткізу пункттерінде шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде осындай 200 фактінің жолы кесілді. Қылмыскерлердің көпшілігі жалған визалар мен үшінші тұлғалардың анықтау деректері бар құжат бланкілерін пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.
Олардың қолданылуы шекараның оңтүстік бөліктерінде және халықаралық әуе желілерінде жиі анықталды.
2025 жылы осындай 661 құқық бұзушылық тіркелгенін атап өткен жөн.
ҰҚК Шекара қызметі жалған және бөгде құжаттарды пайдаланып шекарадан өткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
Темекі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Шекара арқылы 360 мың қорап темекіні заңсыз алып өтпек болған
Жаңалықтар
0