https://sputnik.kz/20260722/ulttyq-bank-kobine-qanday-banknottar-qoldan-zhasalatynyn-aytty-65102087.html
Ұлттық банк көбіне қандай банкноттар қолдан жасалатынын айтты
Ұлттық банк көбіне қандай банкноттар қолдан жасалатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Сарапшылар жалған банкноттарды түпнұсқадан қалай ажыратуға болатынын түсіндірді 22.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-22T22:50+0500
2026-07-22T22:50+0500
2026-07-22T22:50+0500
жалған ақша
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/1142/95/11429559_0:155:2001:1280_1920x0_80_0_0_8a89f3f24fbd500b8b86b80c7eb33d08.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 49-ы банкнота, 8 монета.Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі).Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және "ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!", "НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ" деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертті.Майда жазулар өте бұлдыр болады және үлкейтіп қарағанда оқып тануға келмейді. Жалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды.Қорғаныш жіптің динамикалық және түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосып қарағанда біртұтас емес екеніне көз жеткізуге болады.Шынайы банкноталарды көзбен шолып қарағанда және қолмен ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар. Ол белгілермен Ұлттық банктің ресми сайтынан танысуға болады.Күдік туғызатын, соның ішінде сыртқы белгілері шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар қолға түскен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн.
https://sputnik.kz/20250609/zhalgan-aqsha-zhasagan-qazaqstandyq-gruziyadan-ekstraditsiyalandy--54433036.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1142/95/11429559_89:0:1866:1333_1920x0_80_0_0_99e71a7c58a84cda2ecd306208b8e3c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалған ақша, ұлттық банк
Ұлттық банк көбіне қандай банкноттар қолдан жасалатынын айтты
Сарапшылар жалған банкноттарды түпнұсқадан қалай ажыратуға болатынын түсіндірді
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 49-ы банкнота, 8 монета.
Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі).
"Көбіне номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан жасалған – 22 дана, анықталған жалған ақшалардың жалпы санының – 38,6%-ы. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр – 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкнотада – 11 дана (19,3%), қалған 14% – монеталар", - деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.
Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және "ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!", "НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ" деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертті.
Майда жазулар өте бұлдыр болады және үлкейтіп қарағанда оқып тануға келмейді. Жалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды.
"Патч элементінің көлемі жоқ және жай бояумен басып шығарылады. Ал одан сәулелердің жан-жаққа таралуы секілді голографиялық эффектіні де, номинал бейнесінің ою-өрнекке ауысу құбылысын да байқай алмайсыз", - делінген хабарламада.
Қорғаныш жіптің динамикалық және түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосып қарағанда біртұтас емес екеніне көз жеткізуге болады.
Шынайы банкноталарды көзбен шолып қарағанда және қолмен ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар. Ол белгілермен Ұлттық банктің
ресми сайтынан танысуға болады.
Күдік туғызатын, соның ішінде сыртқы белгілері шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар қолға түскен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн.