Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Рубиодан АҚШ-тың Украина бойынша қазіргі ұстанымын анықтаймын – Лавров

© Photo : МИД РоссииМарко Рубио и Сергей Лавров в преддверии встречи министров иностранных дел стран-участниц Восточноазиатского саммита
Марко Рубио и Сергей Лавров в преддверии встречи министров иностранных дел стран-участниц Восточноазиатского саммита  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Жазылу
Лавровтың айтуынша, Рубио Анкоридждегі кездесудің қорытындысына қатысты екіұшты пікір білдірген
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесіп, одан АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша қазіргі таңда қандай ұстанымда екенін сұрайтынын мәлімдеді.
"Президент (Дональд) Трамп Украинадағы қақтығыс жақын арада реттелуі мүмкін деген еді. Бұл туралы ертең Марко Рубиодан сұраймын. Оның үстіне, ол да Анкоридждегі кездесудің қорытындысына қатысты екіұшты пікір білдірді. Қалай болғанда да, бұл кездесу пайдалы болады. Сұрақтарды тікелей қойып, жауапты тікелей алған дұрыс", – деді Лавров Ресей–АСЕАН министрлік кеңесінің қорытындысы бойынша.
Ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесу келісілгенін және ертең түске дейін өтетінін айтты.
Марко Рубир - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығыстың неге аяқталмай жатқанын түсінбей отыр – Марко Рубио
Жаңалықтар
0