https://sputnik.kz/20260722/bizben-eshkim-kelisken-zhoq-astana-kunindegi-dron-shouga-qatysty-akimdik-tusinikteme-berdi-65107472.html
"Бізбен ешкім келіскен жоқ": Астана күніндегі дрон шоуға қатысты әкімдік түсініктеме берді
"Бізбен ешкім келіскен жоқ": Астана күніндегі дрон шоуға қатысты әкімдік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Әкімдік пен іс-шара ұйымдастырушылары арасында ешқандай шарт, келісім, меморандум немесе басқа да құжаттар жасалмаған 22.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-22T19:13+0500
2026-07-22T19:13+0500
2026-07-22T19:13+0500
астана
дрон
астана күні
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53422763_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_e7276619f5b309b487b08fd72cc1e5d7.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Астана күніне орай өткен дрон шоу көпшіліктің наразылығын тудырды. Арада 16 күн өтсе де, дауға нүкте қойылған жоқ. Ал қала әкімдігі бұл іс-шарадан хабарсыз болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Астана күніне орай дрон шоу өтеді деген ақпарат тұрғындар арасында кең тараған еді. Алайда шара көпшіліктің көңілінен шықпады. Мереке күні бұл қойылымды көруге асыққан тұрғындар сағаттап кептелісте тұрып, арнайы келген. Бірақ дрон шоу өте қысқа және жарнамалық сипатта болған.Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл коммерциялық іс-шара болғандықтан, әкімдіктің мерекелік ресми бағдарламасына енгізілмеген. Сондай-ақ шараның жарнамалық сипатта болғанын кейбір көрермендер мен ақпараттық ресурстар дұрыс түсінбеген.Ал Астана әкімдігі дрон шоудан хабардар болмағанын айтты. Ведомствоның мәліметінше, мұндай іс-шараларды өткізу тәртібі Ішкі істер министрінің спорттық, спорттық-бұқаралық және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі бұйрығымен реттеледі.Дрон шоу ұйымдастырушылары бұл іс-шараны өткізу туралы қала әкімдігіне хабарламаған.Әкімдік дрон-шоудың елорда күнін мерекелеуге арналған ресми іс-шаралар бағдарламасына кірмегенін және оны қала әкімдігі ұйымдастырмағанын атап өтті.Әкімдіктің хабарлауынша, дрон шоу ұйымдастырушының әрекеттеріне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр."Тексеру кезінде дрон шоудың қалай ұйымдастырылғаны, оның ішінде жасырын немесе дұрыс көрсетілмеген жарнама белгілері бар-жоғы және жарнама заңнамасының сақталуы мәселесі қаралады. Тексеру нәтижесіне қарай тиісті шешім қабылданады", – деді Астана әкімдігі.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53422763_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d8a7f714b8ba915db6fcdda0417052a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, дрон, астана күні
астана, дрон, астана күні
"Бізбен ешкім келіскен жоқ": Астана күніндегі дрон шоуға қатысты әкімдік түсініктеме берді
Әкімдік пен іс-шара ұйымдастырушылары арасында ешқандай шарт, келісім, меморандум немесе басқа да құжаттар жасалмаған
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Астана күніне орай өткен дрон шоу көпшіліктің наразылығын тудырды. Арада 16 күн өтсе де, дауға нүкте қойылған жоқ. Ал қала әкімдігі бұл іс-шарадан хабарсыз болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Астана күніне орай дрон шоу өтеді деген ақпарат тұрғындар арасында кең тараған еді. Алайда шара көпшіліктің көңілінен шықпады. Мереке күні бұл қойылымды көруге асыққан тұрғындар сағаттап кептелісте тұрып, арнайы келген. Бірақ дрон шоу өте қысқа және жарнамалық сипатта болған.
Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл коммерциялық іс-шара болғандықтан, әкімдіктің мерекелік ресми бағдарламасына енгізілмеген. Сондай-ақ шараның жарнамалық сипатта болғанын кейбір көрермендер мен ақпараттық ресурстар дұрыс түсінбеген.
Ал Астана әкімдігі дрон шоудан хабардар болмағанын айтты. Ведомствоның мәліметінше, мұндай іс-шараларды өткізу тәртібі Ішкі істер министрінің спорттық, спорттық-бұқаралық және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі бұйрығымен реттеледі.
"Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы іс-шара өтетін күнге дейін он күннен кешіктірмей, белгіленген нысанда оның бағдарламасын, регламенті мен сценарийін қоса отырып, жазбаша хабарлама жіберуге міндетті", – деп хабарлады әкімдік.
Дрон шоу ұйымдастырушылары бұл іс-шараны өткізу туралы қала әкімдігіне хабарламаған.
"Осыған байланысты Астана қаласының әкімдігі аталған іс-шараны келісу, ұйымдастыру немесе өткізу туралы шешім қабылдаған жоқ. Әкімдік пен іс-шара ұйымдастырушылары арасында ешқандай шарт, келісім, меморандум немесе басқа да құжаттар жасалмаған", – делінген хабарламада.
Әкімдік дрон-шоудың елорда күнін мерекелеуге арналған ресми іс-шаралар бағдарламасына кірмегенін және оны қала әкімдігі ұйымдастырмағанын атап өтті.
Әкімдіктің хабарлауынша, дрон шоу ұйымдастырушының әрекеттеріне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
"Тексеру кезінде дрон шоудың қалай ұйымдастырылғаны, оның ішінде жасырын немесе дұрыс көрсетілмеген жарнама белгілері бар-жоғы және жарнама заңнамасының сақталуы мәселесі қаралады. Тексеру нәтижесіне қарай тиісті шешім қабылданады", – деді Астана әкімдігі.