"Бүгін отбасына оралады": Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

© AP Photo Суд по делу Бишимбаева
Суд по делу Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2026
Жазылу
Салтанат Нүкенова ісі бойынша Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шығады. Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Степногорск қалалық сотында Байжановтың өтініші қаралды.

"Ол жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық аясында бостандыққа шығатын болады. Түске дейін сот отырысы өтті. Ал түстен кейін сот қаулысы мекемеге жіберіледі. Соның негізінде дереу Байжановты дереу босатуы қажет. Бүгін Бақытжан отбасына оралады", - деді Ынтықбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Байжановтың мерзімінің өтелмеген жазасы үш айдан сәл асады.
Айта кетері, Салтанат Нүкенова ісі бойынша Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Былтыр оның жазасы қысқартылған болатын.
Суд по делу Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2025
Бишімбаевтың туысы түрмеден ерте шығады
Жаңалықтар
0