https://sputnik.kz/20260722/astanadagy-bolashaq-oyyndarynda-qazaqstan-namysyn-11-komanda-qorgaydy-65107165.html
Астанадағы "Болашақ ойындарында" Қазақстан намысын 11 команда қорғайды
Астанадағы "Болашақ ойындарында" Қазақстан намысын 11 команда қорғайды
Sputnik Қазақстан
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Қазақстан астанасы әлемдік фиджитал спорттың орталығына айналады 22.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-22T18:47+0500
2026-07-22T18:47+0500
2026-07-22T18:47+0500
астана
ойын алаңдары
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62938856_0:39:1280:759_1920x0_80_0_0_82010374d1f070a1aeb9ea60061d4b26.jpg
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қазақстандық 11 команда Астанада өтетін "Болашақ ойындарында" әлем үздіктерімен бақ сынасады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Жалпы жүлде қоры 4,75 миллион АҚШ долларын құрайтын бәйге 29 шілде - 9 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 50 елінен келген 800-ден астам спортшы мен клуб қатысады.Battle Royale (PUBG: BATTLEGROUNDS)Бұл дисциплинада ел намысын DIGA Esports қорғайды. DIGA Esports - Қазақстандағы PUBG бағыты бойынша жетекші ұйымдардың бірі.Phygital Shooter (CS2)Қазақстан атынан осынау сайыста бірден екі команда шығады: NOVAQ және Team KZ.NOVAQ командасының негізін әлемге әйгілі Counter-Strike ойыншысы, Major турнирінің екі дүркін чемпионы Дәурен "AdreN" Қыстаубаев қалаған. Команда құрамында халықаралық деңгейде танылған Михаил "Dosia" Столяров, Рүстем "mou" Телепов және Санжар "neaLaN" Исхаков сынды тәжірибелі ойыншылар өнер көрсетеді.Ал Team KZ құрамына кәсіби аренада өздерін таныта бастаған қазақстандық жас ойыншылар енген.MOBA PC (Dota 2)Бұл дисциплинада Қазақстан атынан Rune Eaters командасы сынға түседі. Оның құрамында The International, Riyadh Masters турнирлеріне қатысқан, сондай-ақ Na’Vi, Team Spirit, PSG.Quest және басқа да танымал ұйымдар сапында өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншылар бар. Құрам Қазақстандағы ең бәсекеге қабілетті ұжымдардың бірі саналады.MOBA Mobile (MLBB)MOBA Mobile бағыты бойынша да ел намысын Rune Eaters қорғайды. Команда IESF, Қазақстан Республикасы Кубогы және Alaman League сияқты халықаралық әрі республикалық турнирлердің жеңімпазы атанған.Phygital BasketballФиджитал баскетбол дисциплинасында Қазақстанды екі команда таныстырады: PBC Astana және GTB KZ.PBC Astana еліміздегі ең атақты әрі ең көп жүлде иеленген баскетбол клубы. Сонымен қатар ол "Болашақ ойындары – 2025" турнирінің қола жүлдегері.Ал GTB KZ құрамына қазақстандық классикалық және 3×3 баскетболының тәжірибелі ойыншылары біріктірілген.Phygital FootballФиджитал футболда Қазақстанды ACF x Allur және UEL Team командалары таныстырады. Екі ұжым да ұлттық іріктеуден сәтті өтіп, өз алаңында өтетін турнирге жолдама алды. Олар әлемнің ең мықты фиджитал клубтарымен күш сынасады.Phygital FightingPhygital Fighting дисциплинасында Қазақстан намысын Future Nomads командасы қорғайды. Команда құрамында ММА-дан әлем және Азия чемпиондары, Қазақстан чемпиондары және кәсіби промоушендердің қазіргі көшбасшылары бар.Phygital DancingФиджитал би сайысында Қазақстан атынан ұлттық іріктеудің жеңімпазы Гүлназ Аманғали өнер көрсетеді.Турнир өтетін орындар"Болашақ ойындары – 2026" Астананың төрт заманауи спорт нысанында өтеді:Жарыс бағдарламасына цифрлық және физикалық кезеңдерді біріктіретін сегіз дисциплина енгізілген.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62938856_109:0:1172:797_1920x0_80_0_0_59ba7e4309cbddce203b87c6cc8c63d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, ойын алаңдары
Астанадағы "Болашақ ойындарында" Қазақстан намысын 11 команда қорғайды
29 шілде мен 9 тамыз аралығында Қазақстан астанасы әлемдік фиджитал спорттың орталығына айналады
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қазақстандық 11 команда Астанада өтетін "Болашақ ойындарында" әлем үздіктерімен бақ сынасады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Жалпы жүлде қоры 4,75 миллион АҚШ долларын құрайтын бәйге 29 шілде - 9 тамыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 50 елінен келген 800-ден астам спортшы мен клуб қатысады.
"Қазақстан атынан өз алаңында өтетін турнирге ұлттық іріктеуден өткен 11 команда қатысады. Олар әлемдік спорт пен киберспорттың әйгілі алыптарымен, атап айтқанда Team Spirit, T1, Team Falcons, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu және өзге де аңызға айналған клубтармен кездеседі", - деп жазылған хабарламада.
Battle Royale (PUBG: BATTLEGROUNDS)
Бұл дисциплинада ел намысын DIGA Esports қорғайды. DIGA Esports - Қазақстандағы PUBG бағыты бойынша жетекші ұйымдардың бірі.
Қазақстан атынан осынау сайыста бірден екі команда шығады: NOVAQ және Team KZ.
NOVAQ командасының негізін әлемге әйгілі Counter-Strike ойыншысы, Major турнирінің екі дүркін чемпионы Дәурен "AdreN" Қыстаубаев қалаған. Команда құрамында халықаралық деңгейде танылған Михаил "Dosia" Столяров, Рүстем "mou" Телепов және Санжар "neaLaN" Исхаков сынды тәжірибелі ойыншылар өнер көрсетеді.
Ал Team KZ құрамына кәсіби аренада өздерін таныта бастаған қазақстандық жас ойыншылар енген.
Бұл дисциплинада Қазақстан атынан Rune Eaters командасы сынға түседі. Оның құрамында The International, Riyadh Masters турнирлеріне қатысқан, сондай-ақ Na’Vi, Team Spirit, PSG.Quest және басқа да танымал ұйымдар сапында өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншылар бар. Құрам Қазақстандағы ең бәсекеге қабілетті ұжымдардың бірі саналады.
MOBA Mobile бағыты бойынша да ел намысын Rune Eaters қорғайды. Команда IESF, Қазақстан Республикасы Кубогы және Alaman League сияқты халықаралық әрі республикалық турнирлердің жеңімпазы атанған.
Фиджитал баскетбол дисциплинасында Қазақстанды екі команда таныстырады: PBC Astana және GTB KZ.
PBC Astana еліміздегі ең атақты әрі ең көп жүлде иеленген баскетбол клубы. Сонымен қатар ол "Болашақ ойындары – 2025" турнирінің қола жүлдегері.
Ал GTB KZ құрамына қазақстандық классикалық және 3×3 баскетболының тәжірибелі ойыншылары біріктірілген.
Фиджитал футболда Қазақстанды ACF x Allur және UEL Team командалары таныстырады. Екі ұжым да ұлттық іріктеуден сәтті өтіп, өз алаңында өтетін турнирге жолдама алды. Олар әлемнің ең мықты фиджитал клубтарымен күш сынасады.
Phygital Fighting дисциплинасында Қазақстан намысын Future Nomads командасы қорғайды. Команда құрамында ММА-дан әлем және Азия чемпиондары, Қазақстан чемпиондары және кәсіби промоушендердің қазіргі көшбасшылары бар.
Фиджитал би сайысында Қазақстан атынан ұлттық іріктеудің жеңімпазы Гүлназ Аманғали өнер көрсетеді.
"Болашақ ойындары – 2026" Астананың төрт заманауи спорт нысанында өтеді:
Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені;
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы;
Beeline Arena Ұлттық теннис орталығы;
"Барыс Арена" мұз сарайы.
Жарыс бағдарламасына цифрлық және физикалық кезеңдерді біріктіретін сегіз дисциплина енгізілген.