https://sputnik.kz/20260722/aida-balaeva-qaytys-bolgannan-keyingi-donorlyqqa-kelisim-beretinin-malimdedi-65105590.html
Аида Балаева қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді
Аида Балаева қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Оның пікірінше, бір адамның донорлыққа қатысты шешімі басқа біреуге өмір сыйлауы мүмкін 22.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-22T17:24+0500
2026-07-22T17:24+0500
2026-07-22T17:24+0500
аида балаева
донор
донорлық жүрек
бүйрек доноры
https://sputnik.kz/img/07ea/07/15/65070199_0:61:2560:1501_1920x0_80_0_0_96421b80487609ed805fc060f2cb158e.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның айтуынша Қазақстанда 4 739 адам трансплантация кезегінде тұр.Ол донор болу немесе болмау әр адамның жеке таңдауы екенін, мұндай шешімге ешкімді мәжбүрлеуге болмайтынын атап өтті."Меніңше, бұл тақырыпта ең маңыздысы – екі тараптың да жағдайын түсіне білу. Бір жағында – ағза күтіп, өмірден үмітін үзбей жүрген адамдар болса, екінші жағында – ең жақын адамынан айырылып, орны толмас қайғыны бастан кешіп жатқан отбасы тұр. Сондықтан осы екі жағдайдың арасындағы нәзік шекара әрдайым сақталуы керек. Бұл жерде ешқандай қысым да, айыптау да болмауға тиіс. Тек әр адамның таңдауы мен әр отбасының шешіміне деген құрмет болуы қажет", - деп атап өтті ол.Ол адам өмірін сақтап қалуға бағытталған әрбір ізгі қадамның маңызы зор екенін айтты.
https://sputnik.kz/20260128/qazaqstanda-qaytys-bolgan-son-donor-boluga-keliskender-sany-70-ke-osti-60743980.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/15/65070199_184:0:2376:1644_1920x0_80_0_0_4561d328202565f2d2d936d1d626fb74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аида балаева, донор, донорлық жүрек, бүйрек доноры
аида балаева, донор, донорлық жүрек, бүйрек доноры
Аида Балаева қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді
Оның пікірінше, бір адамның донорлыққа қатысты шешімі басқа біреуге өмір сыйлауы мүмкін
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім беретінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша Қазақстанда 4 739 адам трансплантация кезегінде тұр.
"Бұл дегеніңіз 4 739 үкілі үміт, елжіреген жүрек, жалтақтаған жанар. Олардың арасында 125 бала бар. Қазақстанда трансплантациялардың шамамен 90 пайызы тірі туыстық донорлардың қатысуымен жасалады. Ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың үлесі 10 пайызға да жетпейді", - деп жазды Балаева.
Ол донор болу немесе болмау әр адамның жеке таңдауы екенін, мұндай шешімге ешкімді мәжбүрлеуге болмайтынын атап өтті.
"Меніңше, бұл тақырыпта ең маңыздысы – екі тараптың да жағдайын түсіне білу. Бір жағында – ағза күтіп, өмірден үмітін үзбей жүрген адамдар болса, екінші жағында – ең жақын адамынан айырылып, орны толмас қайғыны бастан кешіп жатқан отбасы тұр. Сондықтан осы екі жағдайдың арасындағы нәзік шекара әрдайым сақталуы керек. Бұл жерде ешқандай қысым да, айыптау да болмауға тиіс. Тек әр адамның таңдауы мен әр отбасының шешіміне деген құрмет болуы қажет", - деп атап өтті ол.
"Ал енді менің өз басыма келсем… Күндердің күнінде жақындарымның алдына дәл осындай таңдау тұрса, онда, сөз жоқ, өмірге қайта оралғысы келетін адамдарға көмектесудің маңызын түсінгенін қалар едім. Мен ағзаларымды донорлыққа беруге келісім беретінімді жауапкершілікпен атап өткім келеді. Себебі бір адамның шешімі басқа бір адамға өмір сүруге мүмкіндік беруі мүмкін", - деп толықтырды Балаева.
Ол адам өмірін сақтап қалуға бағытталған әрбір ізгі қадамның маңызы зор екенін айтты.