сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы парламент 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Енді 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы парламентте 145 депутаттық мандат болады. Бұл орындарға 7 партия таласады.

Құрылтай сайлауы: соңғы партияның кандидаттары тіркелді

© Sputnik / Абзал КалиевВ ЦИК начали работать журналисты
В ЦИК начали работать журналисты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Партиялық тізімге бұрынғы депутаттар да енді
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы соңғы партияның кандидаттарын тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін түске дейін комиссия мүшелері ӘDILET-тің партиялық тізімін тіркеді. Оған 186 адам кіреді. Олардың ішінде президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерлан Карин, "Қазақтелеком" АҚ төрағасы Бағдат Мусин, Жоғары аудиторлық палатаның бұрынғы басшысы Наталья Годунова, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және тағы басқа мемлекеттік қызметшілер бар.
Партиялық тізімге бұрынғы депутаттар да енді. Олар: Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Никита Шаталов, Мұрат Әбенов, Екатерина Смышляева, Сергей Понамарев, Максим Рожин, Снежана Имашева мен Марат Башимов.
Түстен кейін комиссия сайлауға қатысатын соңғы партия - "Ауылдың" кандидаттарын тіркеді. 69 адамнан тұратын партиялық тізімде бұрынғы депутаттардан Қарақат Әбден, Серік Егізбаев, Жигули Дайрабаев, Ерболат Саурықов мен Николай Арсютин бар. "Ауылдың" жаңа төрағасы Қайрат Айтуғанов та кандидаттардың қатарына қосылды.
Айта кетері, әрбір партияның қысқаша тарихын мына жерден оқуға болады.
Референдум по новой Конституции в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Құрылтай сайлауы: Тамара Асар мен Аша Матай енген партиялық тізім тіркелді
Жаңалықтар
0