Қазақстанда сатылатын ең арзан көліктердің бағасы қандай

© Sputnik / Владислав ВодневАвтосалон
Автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Жалпы бағалары көліктің комплектациясына байланысты болады
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанда көлік шығаратын ірі компаниялардың өкілдері ең арзан көліктерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Astana Motors" компаниясы ең арзан қытайлық модельді ұсынып отыр.
"Алматыда шығатын Cherry Tiggo 2 моделінің бағалары 6 млн теңгеден басталады. Ал басқа қытайлық көліктердің көбісі 8-9 млн теңгенің айналасында тұрады", —деді компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаев үкіметтегі брифингте.
"СарыарқаАвтопром" компаниясында ең арзан көлікті 5,6 млн теңгеге сатып алуға болады.
"Мысалы, Қостанайда шығарылатын Chevrolet Cobalt-тың бағасы 5 млн 600 мыңнан басталады. Ал қытайлық брендтердің бағалары - 8,5-9 млн теңге. Жалпы бағалары көліктің комплектациясына байланысты болады", - дейді директордың орынбасары Әжіл Шайкемелов.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Бектенов отандық зауытта шығарылған өрт сөндіру машиналарын мақтады
Жаңалықтар
0