Қазақстанда "Astana" деген атаумен отандық автобустар шығарылады

© Photo / Алматы қаласының әкімдігіАлматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады
Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Ал электравтобустардың өндірісі 2027 жылы наурыз айында басталады
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Келесі жылы Қазақстанда "Astana" атауымен отандық автобустар шығарылады. Бұл туралы "Astana Motors" компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық автобустардың сыртқы және ішкі көрінісі таныстырылды.
Смағұловтың айтуынша, дизель және газбен жүретін автобустар биыл қараша айында шығарылады. Ал электравтобустардың өндірісі келесі жылы басталады.
"Электравтобустарды шығару бойынша біздің әріптесіміз - BYD. Олардың жаңа баттареялары қолданылады. Ал электравтобустардың өндірісі 2027 жылы наурыз айында басталады", - деді Смағұлов.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың BYD көліктерінің зауытын Қазақстанда ашу қажеттігін ерекше айтты. Бүгінде бұл компания Өзбекстанда өз өндірісін ашқан.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Бектенов отандық зауытта шығарылған өрт сөндіру машиналарын мақтады
Жаңалықтар
0