Қазақстан құрамасы халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

© Photo : Оқу-ағарту министрлігіҚазақстан құрамасы халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
67-ші Халықаралық математикалық олимпиада 13-21 шілде аралығында өтті
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Қытайдың Шанхай қаласында өткен 67-ші Халықаралық математикалық олимпиадада Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік жарыстардың біріне 117 елден 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты.
"Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды", – деп хабарлады министрлік.
Айта кетері, Халықаралық математикалық олимпиада – 1959 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең беделді әрі ең көне пәндік олимпиадалардың бірі. Қазақстан бұл білім додасына 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.
Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын иеленді.
Қазақстан әлемдегі ең беделді химия олимпиадаларының бірінде төрт медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2026
Қазақстандық оқушылар Халықаралық химия олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0