"Енді ана болмаймын ба?": Алматы облысында аяғынан айырылған әйел көмекке зәру

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде жол апаты болған көше
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде жол апаты болған көше - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Сүйіктісіне көлігін беріп қойған жігіт 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылған
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде жол апаты болды. Салдарынан екі адам ауыр жараланды, бірі аяғынан айырылды. Оқиға қалай болды, Sputnik Қазақстан тілшісі айтады.

Тағы бір адамның 6 қабырғасы сынды

40 жасқа толғанын мерекелеп, қонақ күткен Сымбат Клышева дәл сол күні бір аяғынан айырылды. Қақпаға келіп соғылған көлік аула ішінде дастарқан басында отырғандарды қағып құлатқан.
"Түнде сағат бір шамасында болды. Туыстар жиналып, Сымбаттың туған күніне барғанбыз. Көлік жүргізу куәлігі жоқ 24 жастағы қыз газ бен тежегішті шатастырып алған. Сол жерде менің 4 жастағы балам да отырған. Ол орындықта аяғын көтеріп отырған, әйтпесе ол да аяғынан айырылар еді. Ал сіңілім Сымбат сол аяғынан айырылды. Тағы бір туысымыздың 6 қабырғасы сынды", - дейді зардап шеккен әйелдің әпкесі Шолпан Клышева.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАула ішіне кірген көлік қаққан әйел
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Аула ішіне кірген көлік қаққан әйел

Аяғын бөліп тастады ...

Сол күнгі жантүршігерлік оқиғаны көршілері де естіген.
"Тереземіз ашық тұрған. Шыңғырған әйелдің даусы шықты. Жүгіріп барсақ, аулаға көлік кіріп кетіпті. Сол үйдің иесі "әйелімнің аяғын бөліп тастады" деп есі шығып жүр. Бұрын да бұл қақпаға көлік соғылған, бірақ мұндай ауыр соқпаған. Көліктер жылдамдықты төмендетпейді", - дейді Бақытбек есімді көрші.
© Sputnik / Айдана ДайыроваОқиға болған сәт
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Оқиға болған сәт
Сымбаттың 40 жаста, балалы болсам деп ЭКО жасатуға дайындалып жүрген.
"Сымбат бұған дейін үш рет ЭКО жасатқан. Осы жолы төртінші рет дайындалып жүрген. Күйеуі екеуі несие алып, "балам болсыншы" деп Құдайдан тілеп жүр еді. Көлік келіп соққанда Сымбат аяғына емес, "енді ана болмайын ба" деп шырылдады", - дейді әпкесі.

Кінәлі тараптың жағдайы жоқ

Кінәлі 24 жастағы қыздың отбасы жібірленушіге көмектесетін шамасы жоқ.
"Ол қыздың анасы жалғызбасты. Балабақшада еден жуушы болып жұмыс істейді екен. Пәтер жалдап тұрады, жалақысы 250 мың теңге. Кешірім сұрап келіп жүр, Сымбаттың кейбір заттарын алып берді", - дейді жәбірленуші тарап.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖол апатының салдары
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жол апатының салдары
Екі тараптың да адвокат жалдауға шамасы жоқ. Ал сүйіктісіне көлігін беріп қойған жігіт 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылған. Ол тарап Сымбатқа көмектесуге ниет таныта қоймапты.
"Адвокаттың қызметі 2 млн теңге. Кінәлі қыздың анасында да, бізде де адвокат жалдауға шама жоқ. Ол кісі "қызымды қорғауға да мүмкіндігім жоқ" деді", - дейді Шолпан Клышева.
Бір аяғынан айырылған Сымбаттың үйі оның жағдайына сай келмейді. Ал протез аяқтың құны 5 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін барады. Отбасының мұндай қаржыға мүмкіндігі жоқ. Қазір Клышевалардың отбасына қаржылай,көмек керек.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде көлік кірген үй
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылында аула ішінде көлік кірген үй
Алматы облысының полиция департаменті оқиғаға қатысы қылмыстық іс қозғады.
"Наурызбай батыр көшесімен жүріп келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігін басқарған 24 жастағы қыз рөлге ие бола алмай, екі адамды қағып кеткен. Апат салдарынан зардап шеккендердің екеуі де медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды", - дейді полицияда.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Түркістан облысында мас әйел бес адамды қағып кетті: үшеуі көз жұмды
Жаңалықтар
0