Елде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

© пресс-служба 24.kzАбай облысындағы өрт
Абай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Өрттердің негізгі себебі – найзағай разрядтары
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Елде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелген, деп хабарлады экология минитсрлігі.
2026 жылдың 20 шілдесінде республиканың мемлекеттік орман қоры аумағында 55 орман өрті тіркелді.
"Өрттердің ең көбі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркеліп, онда 41 өрт ошағы анықталды. "Ертіс орманы" МОТР аумағында 9 орман өрті, Шығыс Қазақстан облысында – 3, "Наурызым" мемлекеттік табиғи қорығында және "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бір-бірден орман өрті тіркелді", - деп жазылған хабарламада.
Өрттердің негізгі себебі – найзағай разрядтары.
Нақтыланған жедел мәліметтерге сәйкес, 45 орман өрті толық сөндірілді, 8 өрт оқшауланды. Қалған 2 өрт ошағының таралуы тоқтатылып, жағдай толық бақылауға алынды.
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Астанадағы Tarlan Astana жолында өрт шықты
Жаңалықтар
0