Атырауда 2,5 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды

© AP Photo / Martin MejiaАрхивное фото человека в наручниках
Архивное фото человека в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Тінту барысында одан 2 миллион 200 мың теңге тәркіленді
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Атырау қаласында өз қатарласынан 2,5 миллион теңге талап еткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына 35 жастағы тұрғыннан арыз түскен. Арыз иесінің айтуынша, 1991 жылы туған Индер ауданының тұрғыны одан 2 миллион 500 мың теңге бопсалаған.
Күдікті "Самал-Атырау" тұрғын үй кешені маңында ұсталды. Тінту барысында одан 2 миллион 200 мың теңге тәркіленді. Ұстау операциясының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетері, аталған қылмыс үшін 4 мың АЕК-ке (17,3 миллион теңгеге) дейін айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, 1 мың сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу, сондай-ақ төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар сот шешімімен кінәлі адамның мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Ақтөбеде ер адам бұрынғы сүйіктісін интимдік сипаттағы видеомен бопсалаған
Жаңалықтар
0