Тоқаев Испания королін ел құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Президент биыл Қазақстанда "Атлетико Мадрид" клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтті
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Испания королі VI Фелипе мен барша испан халқын ел ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Испания ұлттық құрамасының жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті еткенін атап өтті.
"Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда "Атлетико Мадрид" клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.
Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар
0