Магистратураға түсуге арналған тестілеу басталды

ЕНТ в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Тест тапсырушы емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қазақстанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл тест тапсыруғае 61 мыңнан астам өтініш қабылданды. Былтыр бұл көрсеткіш 51 мың болған. Ал ең көп таңдалған білім беру бағыттарына педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, бизнес, басқару және құқық еніп отыр.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі. Тест үш бөлімнен тұрады.
шет тілі бойынша тест;
оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
Тестілеу уақыты - 3 сағат 55 минут. Шекті балл – 75 балл, соның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша кемінде 7 балл жинау керек.
Ал бейінді магистратураға тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырылады. Шекті балл - кемінде 30 балл, оның ішінде бірінші бейінді пән бойынша кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша кемінде 7 балл құрайды.

"Тест тапсырушы емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады, одан соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады", - дейді министрлік мамандары.

Айта кетері, биыл магистратураға барылғы 11 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады. Ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.
ҰБТ-дағы негізгі  кезең - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Сәуірде ҰБТ-ға қатыса алмағандар тест тапсыратын күн белгілі болды
Жаңалықтар
0